Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17491078
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1900 23967 123984 17154813 411029 426494 17491078 Сіздің IP: 18.117.227.191
Уақыт: 2025-04-26 06:20:01
|
«Болашақ бүгіннен басталады!»
26 ақпан күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» біріңғай балалар - жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен және «Нұр Отан» Павлодар облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығына арналған «Болашақ бүгіннен басталады - Будущее начинается сегодня!», атты облыстық форумы өткізілді. Форумда келесі шығармашылық топтар жұмыс жасады: «ХХI ғасыр - топтық жұмыстың ғасыры», «Көшбасшы немесе басшы? Айырмасы неде?», (көшбасшылық сапасының дамыту тренингі). «Табысқа бастар жол» жоба аясында «Ұрпақтар кездесуі» өткізілді. Форумның аса құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагері «Красная звезда», «За боевые заслуги», «Юбилейный» ордендерімен марапатталған Құсайынов Әнуарбек Қайдарұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Петропавл жоғарғы әскери институтының 4 курс курсанты, III – ші дәрежелі «Айбын» және «Ерлiк үшiн» ордендерінің иесі Ербол Отарбаев және «Нұр Отан» Павлодар облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Ыбытаева Жұлдыз Қасенқызы қатысты. Делегация қатысушылары Қазақ хандығының құрылуына 550-жылдығына арналған интеллектуалды викторинасына, «Тарих бетінде» атты ерлер сабағына, «Патриот.КZ» тәжірибесіне және «Бір-біріне бетпе-бет қарау» атты тренингтеріне қатысты. Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған «Тарих бетінде» атты балалар әлеуметтік жобалары және буклеттер көрмесі жұмыс жасады. |