Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17491836
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2658 23967 124742 17154813 411787 426494 17491836 Сіздің IP: 18.117.135.125
Уақыт: 2025-04-26 07:34:20
|
«Бала би» шешендік өнер сайысы
2016 жылдың 25-26 қаңтар күндері М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Жас Ұлан» біріккен балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесе отыра облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының іріктеу кезеңін өткізді. Конкурстың басты мақсаты қазақ тіліне деген сыйластықты тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің көшбасшыларын шешендік өнерге баулу. Конкурста Лебяжі, Баянауыл, Шарбақты, Ақтоғай, Ақсу, Павлодар ауданынан 8-10 сыныпта оқитын жалпы білім беру мектептерінен және «ЖасҰлан» біріккен балалар-жасөспірімдер ұйымдарынан 38 оқушы, барлығы 19 команда қатысты. Іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша 26 ақпанда өтетін жартылайфиналға 10 команда өтті. Жартылайфиналда Лебяжі ЖОМ, №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Ақтоғай ауданы балалардың бос уақытын қамту орталығы, Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы ЖОМ, Паврамоновка ЖОМ, Ақсу қаласы Үштерек ЖОМ, Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Павлодар қаласы №№12,35,40 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары кездеседі. Облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының жеңімпазы Астана қаласында өтетін Республикалық «Бала би» сайысына жолдама алады. |