Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18942996
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3195 10367 42940 18635763 366564 307313 18942996 Ваш IP: 216.73.216.168
Время: 2025-08-28 07:35:18
|
Балалар Жеңісті бейнелейді
Жыл сайын 5 мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Жеңіс күніңе арналған сурет көрмесі ұйымдастырылады. Оқушылар сарайының «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының тәрбиеленушілері көрмеге қатысты. Бейнелеу, графика және бейнелеудің дәстүрлі емес әдістерінің техникасында салынған 22 көркем шығармашылық жұмыстар аталмыш көрмеге ұсынылды. Студия жетекшілері Елена Каркавина мен Васелина Дмитриеваның айтуы бойынша жас суретшілер өз суреттерінде сұрапыл соғысты сомдап, майданға қатысқан батыр аталар бейнесін салды. Көрмеде Павлодар қаласының №№5,38,39, №3 дарынды балаларға арналған гимназия мектеп оқушылары, Политехникалық колледж және Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері болып қайтты. Көрменің ашылуында 350 адам болды. |