Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22186552
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1817 8502 65390 21887307 10319 328164 22186552 Ваш IP: 216.73.216.133
Время: 2026-05-02 03:27:46
|
Қылқалам шеберлері «Экспо-2017» көрмесін салды
2017 жылдың наурыз аяғының соныңда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Палитра» бейнелеу студиясының жас суретшілері Павлодар қаласының №2 көркемсурет мектебінде өткен сурет байқауына белсене қатысты. «ЭКСПО – 2017 - Қазақстан - қуатты болашақ көрмесіне арналған «Әлем қандай тамаша» XIV қалалық балалар суреті байқауында «Палитра» студиясының тәрбиеленушісі Дарья Горбунова 1-ші жүлделі орынға ие болды. Қазылар алқасына Білім беру үздігі, Журналисттер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы көркемсурет академиясының тілшісі Тақырбасов Ерсін Каскеевич болды. Аталмыш сурет байқауы «Экологиялық сурет», «Жер болашағы сенің қолыңда», «Табиғатты қорғап, энергияны сақтайық» тақырыптары бойынша өткізілген болатын. Павлодар қаласының 4-13 жас аралығындағы жас суретшілердің саны байқауда 200-ге жуық болды. Ал «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Васелина Александровна Дмитриева бұл сурет көрмесіне 11 тәрбиеленушіні дайындаған болатын. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқау ұйымдастырушылары атынан дипломдарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды. Жас таланттардың жұмыстарының барлығы Астана қаласындағы «Энергияны сақтап, табиғатты қорғайық» атты Халықаралық байқауына жіберілді. |














