Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21640407
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6055 9406 45622 21358977 135579 430355 21640407 Ваш IP: 216.73.216.14
Время: 2026-03-13 12:17:10
|
Өз бойымызда өнерді сүйе білейік
Оқушылар сарайында 24 мамыр күні эстетикалық бөлімінің қатысуымен «Әсемдік әлемінде 2017» қолданбалы-сән өнерінің көрмесі болып өтті. Бұл бөлімнің бір жылғы жұмыс қортындысы осындай шығармашылық шаралардың ұйымдастыруымен өтеді.
Көрмеге бес ұжымның тәрбиеленушілері жұмыстарын ұсынды: «Сюрприз» шығармашылық шеберханасы (жетекшісі А.Н. Гоголь), «Декор» студиясы (Е.Л. Мирзоян), «Палитра» бейнелеу студиясы (В.А. Дмитриева) және «Сымбат» (Е.А. Каркавина), «Сырмақ» үйірмесі (Д.Ж. Жагслах). Жүзден астам 124 жұмыс сән-қолданбалы техника үлгісінде қолдан жасаған өнерлерін паш етті. «Жұмсақ ойыншық» техникасында (35) жұмыс түрлері көрсетілді, сонымен қатар жүннен және фетр матасынан көптеген жұмыстар болды. Балалар «кескіндеме», «графика» техникасында сурет салып, коллаждар жасап, моншақ, бисер, жүннен көркемдік жұмыстар жасады. Көрмедегі экспонаттарының ішінде тоқымадан жасалған ойыншықтар, аппликациялар, теріден жасалған бұйымдар тағы да бар. Көрмедегі жұмыстарды жасау үшін керамика, қағаз, батик, қауырсын, фетр, фоамирам және табиғи материалдар қолданылды. Аталмыш көрмелердегі суреттер және графика арқылы, балалардың бойында сән-қолданбалы өнер мен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ал ұстаздар болса оқушының бойына ұлттық мәдениетке және ұлттық салт-дәстүрге деген тәлім-тәрбиені қалыптасырады. |














