Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24524981
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3286 13340 50525 24241211 308901 527623 24524981 Ваш IP: 216.73.216.213
Время: 2026-10-25 17:36:09
|
Эстетика бөлімінің ұстаздары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен облыстық көрмеге қатысты
2017 жылдың 13-ші қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қолданбалы-сән және бейнелеу өнерінің облыстық көрмесі ашылды. Аталмыш көрмеге М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы эстетика бөлімінің қосымша білім беру педагогтары Е.Каркавина, Д. Жагслах, Ж.Амантаева, Д.Реймхен, В. Дмитриевалар қатысқан болатын. Оқушылар сарайының шебер ұстаздар қауымы бұл көрмеге бейнелеу, графика, ши, аппликация, тігін өнері, сән-қолданбалы өнерінің дәстүрлі емес түрлерін, сонымен қатар батик және фоамираннан жасалған 60 жұмыс жасап апарған болатын. Барлық педагогатр өздерінің жұмыстары туралы тың ақпар беріп, келген қонақтарға жұмыстары туралы танымдық бүктемелер таратты. «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты атынан әрбір педагог алғыс хатқа ие болды. |














