Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19908522
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8442 10487 29676 19628472 57561 494996 19908522 Сіздің IP: 216.73.216.23
Уақыт: 2025-11-05 14:28:02
|
Қарағанды қаласынан қонақтарды қарсы алдық!
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде қаламызға Қарағанды облысының білім беру саласынан бір топ делегация мүшелері келген еді. Іс-сапардың басты мақсаты білім беру жүйесінде іс-тәжірибелермен алмасу. Қарағанды елінен келген ұстаздар Оқушылар сарайына 26 сәуір күні келген болатын.
Құрметті қонақтарды Сарай басшысы Алма Ерубаева қарсы алып, қызықты әрі танымдық экскурссия жасады. Қонақтар эстетика бөлімінің көрме залында, кіші хайуанаттар бағында, Оқушылар сарайының обсерваториясымен, медиаорталықтардың жұмыстарымен, «Жас Ұлан» балалар-жасөспірмдер ұйымымен, «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайымен толық танысып, Оқушылар сарайының мүмкіндіктеріне таң қалды. Бұл күні экскурссияда Қарағанды облысы білім беру басқармасының, «Сарыарқа дарыны» дарынды балалармен жұмыс орталығының өкілдері, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен орынбасарлары болған еді. Оқушылар сарайының студия және клубтардың жұмыстарымен 19 адам танысты. |














