Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22585541
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6509 7481 21023 22358942 70357 338951 22585541 Ваш IP: 216.73.217.134
Время: 2026-06-10 14:50:38
|
Планетарийдің кішкетай қонақтары
Оқушылар сарайында жуырда ашылған планетарийдің жұмысы қайырымдылық акцияларымен басталды. Балалардың көбіне Павлодарлық балалық шақтың Сарайы шынында да мейірімді сиқыршы тәрізді болды. Күзгі каникул кезінде, 10-қарашада, планетарий есігін айқара ашқан күні, ең бірінші болып таңғаларлық жаңалықты бағалаған - Сарайдың үйірмешілері мен шақырылған қонақтары – Павлодар қаласы №№10,13,17,19,22,41 және басқа мектептерінің оқушылары мен ұстаздары. 12 қарашада бұл жерге есту қабілеті төмен арнайы түзету мектебінің тәрбиеленушілері шақырылған болатын. Ж жәнеайлы Сарайды көруге Әдеттегіден тыс киноны тамашалауға және жайлы Сарайды көруге 25 оқушы мен алты ұстаз келді. Жұмсақ креслоларға жайғасып, үлкен күмбезге қарап отырып, олар алыстағы ғарыш әлеміне және суасты әлемінің тереңдігіне саяхатқа аттанды. Кішкентай қонақтар сфералық кинодан үлкен әсер алды. Планетариядан шығып, олар бір-бірімен өз ойларымен бөлісті. М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайы өзінің кішкентай қонақтарын әрдайым күтуде. Оның Қысқы бағында,кең аудиториялар мен залдарында балалар өздерін өте жайлы да, қызықты да сезінеді. Сарайда планетарийдің ашылуы қаланың және аудандағы оқушыларын ғарышқа жақындата түскендей болды және олар мұнда қайтып келуге үнемі асығады. |














