Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21639040
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4688 9406 44255 21358977 134212 430355 21639040 Ваш IP: 216.73.216.14
Время: 2026-03-13 09:56:49
|
Сіздер үшін есігіміз айқара ашық…
4-ші наурыз күні Бектуров көшесі, 14-ші үйінде орналасқан М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар Сарайының филиалында ашық есік күні өтті. Осы филиалдың өз жұмысын бастап кеткен әр-түрлі бағыттағы орталықтарында Павлодар қаласының №№4,6,11,16,28,35 мектептерінің оқушылары экскурсияда болды. Олар: мектепке дейінгі оқушыларға білім беретін эстетикалық дамыту және тәрбие беру бөлімі, би ұжымдары, қазақ тілі және ағылшын тілі үйірмелері, скаутинг, журналистика студиясы. Осы жердің табалдырығын аттаған әрбір бала шығармашылық пен қуаныш ахуалына бөленеді. Ойластырылған дизайнерлік шешімдер, дәліз бен сыныптағы коллаждар мен көлемді графика, сәнді кафе, витраждар заманауи жиһаз бен техника - осының бәрі, балаларға деген сүйіспеншілікпен, әзілмен, аса талғаммен жасалған. Үйірмеге қатысушыларға журналисттер, фотографтар, тіл мамандары, би өнерінің ұстаздары, психологтар дәріс береді, педагогтердің көбі - жоғарғы санаттағы мамандар. Қызықты экскурсияда болған кісілердің барлығы: - Сәнді, тартымды, жайлы, - деп өз ойларын білдіріп жатты. Ал кейбіреулері болса өз жандарына қолайлы істі таңдап үлгерген. |














