Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17488208
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 22997 43066 121114 17154813 408159 426494 17488208 Сіздің IP: 3.147.45.232
Уақыт: 2025-04-25 23:17:20
|
Жәндіктер әлемі
Оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту бөлімінің экологиялық және танымдық жобасы «Құрт-құмырсқалар – біздің көршілеріміз» деп аталды. 2015 жылдың 12 қазанынан 12 қарашаға дейін аталмыш бағдарлама іске асты. Бір ай бойы балалармен жәндіктер туралы әңгімелер жүргізілді. Оқушылар құмырсқалар, қоңыздар, қызыл қоңыздардың өмірлері жайлы танымдық мультфильмдерді тамашалап, тақырыпқа сай қозғалыс және үстел ойындарын ойнады. Қосымша білім беру педагогы Лилия Решетникованың тәрбиеленушілері басқа топтың оқушыларына «Саңырауқұлақ астыңда» атты ертегі қойылымын көрсетті. Балалар рольдерде ойнап, би биледі. Кішкентай әртістердің костюмдерін ата-аналары дайындады. Жобаның қорытындысында «Құрт-құмырсқалар – біздің көршілеріміз» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Жобаның белсенді қатысушылары мақтау қағаздарына ие болды.
|