Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

18005870
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1469
11342
12811
17739482
117308
340041
18005870

Сіздің IP: 216.73.216.249
Уақыт: 2025-06-10 02:35:03

«Подводные фантазии» балалар шығармашылығының XXII Халықаралық фестиваліне ( Донецк қ.) қатысу туралы мәліме

«Подводные  фантазии» балалар шығармашылығының XXII Халықаралық фестиваліне ( Донецк қ.) қатысу туралы

мәлімет

М.М.Катаев атындағы  Павлодар  облыстық Оқушылар сарайының эстетикалық тәрбие бөлімінің үйірмелеріне қатысушылар жыл сайын  «Подводные  фантазии» балалар шығармашылығының  Халықаралық  фестиваліне қатысады. Бұл фестиваль Украинаның Донецк қаласында Марсельдегі(Франция) су асты әлемін бейнелеудің Бүкіләлемдік фестивалімен тығыз ынтымақтастықта өткізіледі.

Фестивальға жіберілген жұмыстардың тақырыптары өзгермейді:  су асты әлемі, оның таңғажайып сұлулығы мен қауіптері, шешілмеген мәселелері және ерекшеліктері, су асты  әлемін мекендеушілердің тыныс-тіршілігі т.т.б.

Биылғы оқу жылында фестивальға бөлім үйірмешілерінің кестелеп тігу, кескіндеме, витраж және тігін бұйымы техникасында орындалған төрт жұмысы жіберілді..

Сондай жұмыстардың бірі – құрметті ІІІ орынға ие болған, «Гламур» студиясының оқушысы Құспекова Арайлымның  «Саяхат» (жетекшісі  Левенкова Галина  Сергеевна) деп аталатын жұмысы.

Бұл жұмыста табиғи материалдар – алыстағы Атлант мұхитының ұсақ тастары,бұтақшалары мен ұлудың қабыршақтары пайдаланылды және кестелеп тігу элементтерін қолданудың арқасында,   аралас техниканың үздік үлгісіне айналды.

33

Эстетикалық тәрбие бөлімінің меңгерушісі:                              Фирсова Т.С.