Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20470564
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1152 13724 43267 20170934 238242 381361 20470564 Ваш IP: 216.73.216.29
Время: 2025-12-18 01:21:50
|
Оқушылар сарайының педагогтары Успен ауданының оқушыларына сабақ жүргізді
Облыстық Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2017 жылы наурыз айының 30-күні Оқушылар сарайының балалар бұқаралық қозғалысының дамыту бөлімінің бір топ педагогтары Успен ауданының №2 ЖОМ-не «Көшбасшының тиімділік шеберханасы» атты балалар белсенді мектебімен іс-сапарға барып қайтты. Подробнее: Оқушылар сарайының педагогтары Успен ауданының оқушыларына сабақ жүргізді Добавить комментарий
Оқушылар сарайында «Профи-TAIM» жобасы іске асырылуда
2017 жылдың 31 наурызында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің бастамасымен Б.Ахметов атындағы Павлодарлық педагогикалық колледжіне жоғарғы сынып оқушылары үшін экскурссия өткізілді. Бұл эксскурсия облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Мемлекеттік тілде өткен ғылыми-тәжірибелік семинар
2017 жылдың 30 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында мемлекеттік тілде ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Қосымша білім беру – балалар және жасөспірімдер тұлғасын көп мәдениетті дамуы үшін білім және тәрбие үрдісінің кеңістігі». Семинардың барысында ЖОО-ның оқытушылары баяндама жасап, психологиялық, сәнді-қолданбалы және алғашқы үлгілеу, көркемдік, театралдық және журналистика бағыттары бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинарда «Балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық дамуының қазіргі талаптарының бірі – көптілдік» тақырыбымен С. Ксембаева - С.Торайғыров ат.ПМУ «Foundation» факультетінің деканы, профессор, п.ғ.к. баяндамасын өрбітті. Астананың төрінде «Жас тілші» радиобағдарламасы жеңімпаз атанды
«Жұлдыз» Республикалық балалар қоғамдық бірлестігі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және политология факультетімен бірлесіп, ҚР БжҒ министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің қолдауымен 2017 жылдың 1 ақпаннан 10 наурыз аралығында VII-ші сырттай дәстүрлі жас тілшілер мен журналисттерге арналған «Под счастливой звездой: нам жить в новом мире!» атты конкурс ұйымдастырған болатын. Еще статьи... |














