![]() |
![]() |
2019 жылдың 27 сәуірінде Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде «World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі өткен болатын. Облыстық Оқушылар сарайының робототехника клубынан төрт команда қатысқан болатын. Командалар үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
«Regular Elementary» категориясы бойынша «OS-01Elementary» командасының құрамына енген Асаин Қонақбай және Зарина Турганбекова І орынға ие болды. Ал «Regular Junior» категориясы бойынша Ақдәулет Каббар және Айдар Елтай «AltynTeam» командасы да І орынды қанжығаларына байлады. «Regular Senior» категориясы бойынша Мейрамбек Наурызбай және Аруан Каиров «Alt_Team» командасы ІІ-ші орынға қол жеткізді.
Бірінші орынға ие болған командалар 2019 жылдың 24 маусым күні өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Робототехника клубының тәрбиеленушілерін және жетекшілері Қайрат Солтаналиновты мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз.