Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22864480
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4883 7700 26389 22612565 78728 270568 22864480 Ваш IP: 216.73.216.78
Время: 2026-07-09 21:53:45
|
«World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының жеңімпаздары
2019 жылдың 27 сәуірінде Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде «World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі өткен болатын. Облыстық Оқушылар сарайының робототехника клубынан төрт команда қатысқан болатын. Командалар үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. «Regular Elementary» категориясы бойынша «OS-01Elementary» командасының құрамына енген Асаин Қонақбай және Зарина Турганбекова І орынға ие болды. Ал «Regular Junior» категориясы бойынша Ақдәулет Каббар және Айдар Елтай «AltynTeam» командасы да І орынды қанжығаларына байлады. «Regular Senior» категориясы бойынша Мейрамбек Наурызбай және Аруан Каиров «Alt_Team» командасы ІІ-ші орынға қол жеткізді. Бірінші орынға ие болған командалар 2019 жылдың 24 маусым күні өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Робототехника клубының тәрбиеленушілерін және жетекшілері Қайрат Солтаналиновты мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз. |














