Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Музыкальный видеоклип - Подпишитесь

Облако тегов 

Қосымша ақпарат 

Біздің қатысулар 

2956642
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1744
1558
1744
2774733
33275
94319
2956642

Сіздің IP: 54.226.132.197
Уақыт: 2017-12-11 10:06:55

Мінбедегі басшы пікірі

Жаңғырту жағдайында Оқушылар сарайына қосымша білім беру жүйесін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық тәсілдері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуі және өзін өзі дамытудың басты міндеттерін шешуге бағытталған және Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары белгілеп берген Қазақстанның тәрбие саясатының негізгі қағидаларын   іске асырады. Оқушылар сарайының жұмыс жүйесіне байланысты келесідей негізгі бағыттар беліленді:

 

tribuna direktora 

Оқушылар сарайының даму үрдісі және жұмысының басты бағыттары

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының басты бағыттары, мақсат, міндеттері мен тәрбие механизмдері «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі және тәрбиенің Тұжырымдамалық қағидалар негізінде әзірленді.

Елбасының Қазақстанның халқына «Стратегия-2050» Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспары қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» білім берудің барлық деңгейінде бағдарламалардың мазмұнын жаңартуды қарастырады, соның ішінде қосымша білім беру де бар. Білім беру жүйесінің барлық құрылымдық компоненттерінің инновациялық даму курсы мен жаңғыруы білім беру мазмұнын сапалық өзгерту және жаңа білім беру нәтижелерін алуды көздейді.

Білім және тәрбие жүйесін құра отырып, Оқушылар сарайы білім беру және тәрбиелеу қызметі бағытында қосымша білім беру қызметіне сұраныс және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді жұмысының басты бөлігі деп түсінеді.

Қосымша білім беру қызметіне сұраныс жыл сайын өсуде. Сарайдың үйірме, клуб, студияларында 5 - 18 жас аралығындағы төрт мыңнан аса бала жыл сайын қосымша білім беру бағдарламаларын игеруде, облысымыздың 40000 аса балалары мен жасөспірімдері бұқаралық шараларды өткізуге тартылады.

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының білім беру қызметіне сұраныстың арту көрсеткіші шығармашылық бірлестіктері тәрбиеленушілер санының өсуі болып табылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастырумен 94 педагогикалық қызметкер шұғылданады, 31% педагог авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейді: вокал, хореография, экология, балалар журналистикасы және теледидар; көркем-эстетикалық және қоғамдық бағыттағы облыстық жобалар жүзеге асырылды, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Әдістемелік қызметтің жүйесі «Оқушылар сарайының педагогтері, облыстың қосымша білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін дамыту бағдарламасын» іске асыруға бағытталған. Оқушылар сарайының әдістемелік қызметі әдістемелік кабинет, әдістемелік кітапхана, психологиялық қызмет, тәлімгер шеберлігінің мектебі, жас маман мектебінің жұмысы арқылы сапалы кеңес жүйесін құрды. Облыс педагогтері, тәлімгерлер, балалар қозғалысының үйлестірушілері, мектеп психологтары мен кітапханашыларға арналған әдістемелік жинақ, бүктеме, прайс парақтар жүйелі түрде шығарылады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде білім беру бағдарламаларын жаңарту жүргізілді. Рецензияланған авторлық бағдарламалардың саны 2013 жылы 9 –дан 2016 жылы 29 дейін өсті.

Жоғары кәсіби жетістігі мен шеберлігі үшін екі педагог Ыбырай Алтынсарин атындағы Белгімен марапатталды, бір адам- «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», екеуі - Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Үздігі, бес адам - «Алтын жұлдыз «Балалар үшін» медалінің иегері, алты адам ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасымен марпатталды.

Оқу жылы ішінде Оқушылар сарайының педагогтері өз тәжірибелерін халықаралық конференция және фестивальдарда республикалық курстар мен форумдарда, облыстық кеңес және семинарларда баяндама, шеберлік сабақтар түрінде насихаттап, таратады.

Ғылыми-техникалық бағыт

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің Тәрбие тұжырымдамасы және балалар мен жастардың 2015-2018 жылдарға арналған ғылыми-техникалық шығармашылығының дамуының Тұжырымдамалық тәсілдері негізінде қосымша білім беру жүйесінің өзекті бағыттарының бірі балалар мен жастардың техникалық шығармашылығы болып табылады, оның түпкі мақсаты отандық өнеркәсіптің озық салалары мүддесінде инженерлік, құрылымдаушылық және ғылыми мамандар даярлау. Жас астрономдар Ресей және Қазақстанда өткен бірнеше слетта өздерін көрсетті. Жыл сайын клуб тәрбиеленушілері Сібір астрономиялық форумының лауреаты атанады. Жыл сайын клуб тәрбиеленушілері Сібір астрономиялық форумының лауреаты атанады. Жыл сайын жас астрономдардың «Жұлдыздар жарқырайды» облыстық слеті өткізіледі. Слетқа оқушылар авторлық жобалар мен ғарышты зерттеудің нәтижелерін ұсынады.

Ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту және робототехниканы көпшілікке таныту мақсатында робототехника кабинеті ашылды.

Техникалық білімнің бір түрі «Объектив» үйірмесі және «Луч» шығармашылық бірлестігі. Онда балалар тележурналистика, фото және бейне түсірілім бойынша бастапқы білім негізін алады. Балалар «Сарай жаңалықтары» жобасын іске асырады және авторлық бағдараламалар жасайды.

Оқушылар сарайының Медиа орталығы

«Юнеско» халықаралық ұйымының «Барлығына арналған ақпарат» үкіметаралық Бағдарламасын іске асыру үшін Оқушылар сарайында қазақ және орыс тілінде журналистика негіздерін зерделеу бойынша бірлестіктер мен медиаорталық құрылды. Медиа орталық телестудия, ақпараттық баспа орталығы, «Сенің әлемің-Твой мир» газет басылымы, «Пинг Понг» және облыстық «Халық радиосы» FM 100.5 радиосында «Жас тілші» балалар баспасөз орталығының радио бағдарламаларын біріктіреді.

«Сенің әлемің - Твой мир» газетасы

«Сенің әлемің-Твой мир» газеті 60000 балалар мен жасөспірімдердің басын қосқан «Облыстық балалар – жасөспірімдер» қоғамдық бірлестігінің баспа органы болып табылады. Газет мемлекеттік және орыс тілдерінде айына екі рет шығады.Бұл облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған жалғыз баспа басылымы. Газеттің тақырыбы алуан түрлі, павлодарлық жасөспірімдер өмірінің барлық аспектілерін қамтиды. 2016 жылы Астана қаласында өткізілген балалар және жастар қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының «Под счастливой звездой: нам жить в новом мире!» 12 Халықаралық фестивалінде Павлодар облыстық «Сенің әлемің-Твой мир» балалар-жасөспірімдер газеті «Баспа басылымдары» аталымында І орынды жеңіп алды.

Көркем тәрбие

Оқушылар сарайы қызметінің бір бағыты жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттерді игерген, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзараәрекеттестікке қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімге ие адамның қалыптасуына бағытталған балалардың көркемдік –эстетикалық тәрбиесі болып табылады. Оқу вокалдық, хореографиялық, аспаптық және театралдық бағытттар бойынша 24 шығармашылық студияда іске асырылады. Бес студия Үлгілі ұжым атағына ие: «Блэйз» эстрадалық би студиясы, «Вдохновение» би ансамблі, «Жас екпін» домбыра оркестрі, «Свет звезды» ән театры және «Музыкальный квартал» вокал ұжымы.

Білім беру және тәрбиелеудің эстетикалық бағыты

Эстетикалық бағыттағы ұжымның қызметі 2015жылғы Қазақстан Респуликасында қосымша білім беруді дамыту стратегиясына, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне сай жүргізіледі және балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық және кәсіби өз тағдырын өзі шешуге, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді қамтамасыз ететін, заманауи технологияларды меңгеруге бағытталған. Тәрбиеленушілерді көркемдік мәдениетке баулу бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің шығармаларын зерделеу, шығармашылық жұмыстарды жасап шығаруы және құруы ұлттық, дәстүрлі және инновациялық техникаларды меңгеру арқылы жүзеге асырылады.

Денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс

Оқушылар сарайында білім берудің негізгі міндеттерінің бірі: барлық категориядағы балаларға, соның ішінде денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім алуға қол жетімділігі жүзеге асырылады. Шығармашылық студиялар мен үйірмелерде қосымша білім беру ұйымдары бойынша жұмыс жалғасуда, онда әр бала өзін-өзі іске асыру саласын табуға мүмкіндік беретін балалар шығармашылығы және бос уақытын ұйымдастырудың бірнеше түрлері көрсетілген.

Өмірлік мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру авторлық бағдарламалар өзін-өзі тану,қарым-қатынас жасау және өздігінен даму саласында әуелі әлеуметтік маңызды дағдылар мен біліктерді меңгеруге бағытталған.

«Білімпаз» студиясы

Балаларға негізгі және қосымша білім беруді біріктіруде бағдарламалық-әдістемелік жағдай жасау мектепке дейінгі бала және жасы кіші оқушылардың психологиялық және білім беру дайындығын, көркемдік-шығармашылық белсенділігінің дамуын қамтамасыз ететін «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясын ұйымдастыру болып саналады. Студияда оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Балалардың жазғы бос уақытын қамту бағдарламасы

Облыс және қала мектептерінің оқушылары үшін жазғы демалыс кезінде төртінші жыл «Шуақты жаз-Радужное лето» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мектеп жанындағы лагерьлер үшін «Балалар әлемі» бағдарламасы, бағдарлы жасақтарға арналып «ЖасҰлан» жазғы бағдарлы мектебінің жұмысы ұйымдастырылды. «Шуақты жаз - Радужное лето - 2017»бағдарламасының шеңберінде екі ауысымда 14400 адам қамтылды. 

Бұқаралық балалар қозғалысын дамыту

Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ жұмысын «Жас Ұлан» ББЖҰ өңірлік хатшысы іске асарады. Жастармен жұмыс балалар- жасөспірімдер және балалар бірлестігінің VII облыстық Құрылтайында бекітілген «Павлодарлық Ертіс өңірінің балалары» балалар қозғалысын дамытудың облыстық бағдарламасына сәйкес құрылды. Оған 60000 аса оқушы, «ЖасҰлан» жұмысын бақылайтын қалалық және аудандық «Жас Ұлан» балалар- жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, тәлімгерлер, бейбітшілік елшілерінің өкілдері қатысты, оның жұмысы Балалар бейбітшілік орталығы, скаут орталығы, көшбасшылықтың күндізгі-сырттай және өзін-өзі басқару мектебі арқылы іске асырылады. Әрбір бағыттың қызметі жобалық қызмет арқылы құрылған. Үш жыл ішінде 21 жоба өткізілген. Тоғыз жоба дәстүрлі болды: «Табысқа жету жолын өмірде үйренуге болады», Жасұланшылар күні, «Табысқа барар жол», «Тәлімгерлер ассоциациясы», «Үміт сәулесі», «Педагогикалық Даңқтың аллеясы», Көшбасшылықтың жазғы мектебі, «Жас Ұлан», «Үздік Ұлан», қалалық,аудандық балалар-жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының облыстық байқау-конкурсы, «Жобалар шеруі».

Жұмыстың нәтижесі

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы тәрбиеленушілерінің шығармашылық жетістігінің нәтижелігі, олардың робототехника, астрономия, журналистика, хореография, вокал, сәндік-қолданбалы және әдеби шығармашылық бойынша халықаралық, республикалық және облыстық конкурстарғада қатысуы болып табылады.