Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения19896443 
	Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 		6850 10747 17597 19628472 45482 494996 19896443 		Ваш IP: 216.73.216.23 
	Время: 2025-11-04 16:19:14 
 |              
            
            
            Біздің «Жас Ұлан» алда
 19-22 қараша аралығында Астана қаласында Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының «Мәңгілік ел ұландары» республикалық жүлдесінің иегерлерінің байқау сынағы ұйымдастырылды. Біздің облыстан «Жас Ұлан» ұйымының өңірлік хатшысы Петрович Оксана Владиславовна бастаған 10 адамнан тұратын делегация барды. Олар балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері: Құрманғалиева Наргиз, Шорина Мария, Өсербай Еркебулан, Сарсенбаев Алтынай, Богзат Еркежан, Черненко Вадим, Абельдинов Батырхан, Каиржанова Адия, Торғай Даяна және Мойылды №38 орта мектебінің аға тәлімгері - Рахматулина Алма Баязитовна. Бірнеше күнге созылған сайыстар мен сындардың нәтижесінде Алма Баязитовна, Вадим Черненко, Еркежан Богзат пен Оксана Петрович байқаудың лауреаты атанды. Ал кейіннен аға тәлімгерлер арасында Рахматулина Алма Баязитовна, «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшылары ішінен Вадим Черненко және «Жас Ұланның» өңірлік хатшылары арасында Оксана Владиславовна «Мәңгілік ел ұландарының» жүлдегерлері атанып, дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен, Республика бойынша жиырма жеңімпаздың үшеуі павлодарлық жасұландықтар. Оларды үлкен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз, жеңістен жеңіске жетеберейік!  | 
            
                        
            














