Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24592252
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 365 16785 65566 24318214 365 359811 24592252 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-11-01 00:20:01
|
Біздің «Жас Ұлан» алда
19-22 қараша аралығында Астана қаласында Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының «Мәңгілік ел ұландары» республикалық жүлдесінің иегерлерінің байқау сынағы ұйымдастырылды. Біздің облыстан «Жас Ұлан» ұйымының өңірлік хатшысы Петрович Оксана Владиславовна бастаған 10 адамнан тұратын делегация барды. Олар балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері: Құрманғалиева Наргиз, Шорина Мария, Өсербай Еркебулан, Сарсенбаев Алтынай, Богзат Еркежан, Черненко Вадим, Абельдинов Батырхан, Каиржанова Адия, Торғай Даяна және Мойылды №38 орта мектебінің аға тәлімгері - Рахматулина Алма Баязитовна. Бірнеше күнге созылған сайыстар мен сындардың нәтижесінде Алма Баязитовна, Вадим Черненко, Еркежан Богзат пен Оксана Петрович байқаудың лауреаты атанды. Ал кейіннен аға тәлімгерлер арасында Рахматулина Алма Баязитовна, «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшылары ішінен Вадим Черненко және «Жас Ұланның» өңірлік хатшылары арасында Оксана Владиславовна «Мәңгілік ел ұландарының» жүлдегерлері атанып, дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен, Республика бойынша жиырма жеңімпаздың үшеуі павлодарлық жасұландықтар. Оларды үлкен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз, жеңістен жеңіске жетеберейік! |














