Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17490128
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 950 23967 123034 17154813 410079 426494 17490128 Ваш IP: 3.140.254.100
Время: 2025-04-26 04:40:00
|
«Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014» акциясының қорытындысы шығарылды
Сәуір айының 15-нен бастау алған аталмыш акцияға қала және облыстың еріктілер жасақтары белсенді қатысты. Ізгілік пен мейірміге бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарды. Оның ішінде қайырымдылық концерттер, ардагерлерге көмек, арнайы ұйымдастырылған кездесулер, ауланы, Ертіс жағалауын тазалау және т.б.
М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының Үлкен залында өткізілген жиынға №1,2,5,6,13,14,15,17,25,26,30,34,35,38,40,КЖОББМ мен колледждер, еріктілер мен жастар орталығынан барлығы 200-ге таяу адам қатысты. Қорытынды жиын барысында келген мектептердің барлығы алғыс хатпен марапатталды. Ал «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Данияр Дауренұлы Айтышев №38 ЖОББМ аға тәлімгері Рахматуллина Алма Баязитовнаға, Кежекөл ЖОББМ аға тәлімгері Рахимова Шолпан Кантемировнаға, №4 ЖОББМ аға тәлімгері Жаканова Динара Орынбасаровнаға, №13 ЖОББМ аға тәлімгері Сабирова Светлана Анатольевнаға, №17 ЖОББМ аға тәлімгері Нурсарина Диана Темиржановнаға алғыс хаттар табыстады. |