Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22366876
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18778 17688 80370 22049749 190643 328164 22366876 Сіздің IP: 216.73.216.46
Уақыт: 2026-05-15 18:06:35
|
«Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014» акциясының қорытындысы шығарылды
Сәуір айының 15-нен бастау алған аталмыш акцияға қала және облыстың еріктілер жасақтары белсенді қатысты. Ізгілік пен мейірміге бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарды. Оның ішінде қайырымдылық концерттер, ардагерлерге көмек, арнайы ұйымдастырылған кездесулер, ауланы, Ертіс жағалауын тазалау және т.б.
М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының Үлкен залында өткізілген жиынға №1,2,5,6,13,14,15,17,25,26,30,34,35,38,40,КЖОББМ мен колледждер, еріктілер мен жастар орталығынан барлығы 200-ге таяу адам қатысты. Қорытынды жиын барысында келген мектептердің барлығы алғыс хатпен марапатталды. Ал «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Данияр Дауренұлы Айтышев №38 ЖОББМ аға тәлімгері Рахматуллина Алма Баязитовнаға, Кежекөл ЖОББМ аға тәлімгері Рахимова Шолпан Кантемировнаға, №4 ЖОББМ аға тәлімгері Жаканова Динара Орынбасаровнаға, №13 ЖОББМ аға тәлімгері Сабирова Светлана Анатольевнаға, №17 ЖОББМ аға тәлімгері Нурсарина Диана Темиржановнаға алғыс хаттар табыстады. |














