Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18943497
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3696 10367 43441 18635763 367065 307313 18943497 Ваш IP: 216.73.216.168
Время: 2025-08-28 09:08:19
|
Абайдың жолымен
19 ақпан күні «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері өз жетекшілері Марина Юрченкомен Осипенко көшесінде орналасқан Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.
Жас әдебиетшілер балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Абайдың жолымен» атты әдеби қонақжай өткізді. Аталмыш іс-шараға дайындық кезіңде «Рауан» оқушыларының басты мақсаты - Ұлы ақын, жазушы Абай Құнанбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзиясына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылды. Шығармашылық қонақжайға дайындық кезіңде студия тәрбиеленушілері Абайдың ақындық жолымен терең танысып, көп материалдар жинады. Сценарий бойынша шығармалар дайындап, музыкалық әрлеуді де, безендіру жұмыстарын да өз қолдарына алды. Бұл шығармашылық кездесу мәжіліс залында өтті. Мария Мухина, Ая Оразалина, Карина Мингалёва, Виталий Журавлёв, Гульфараз Тюлюбаева және Илья Феофановтар орыс тілінде Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Абайдың қара сөздері», «Онегиннің сөзі», «Татьянаңың Онегинге жазған хаты» атты шығармалары да оқылып жатты. Қонақтар гитарамен ән айтып, қалам ұшынан туған туындыларын паш етті. «Абайдың жолымен» атты әдеби қонақжайда ұстаздарымен қоса 38-ден астап балалар болды. «Рауан» студиясының оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілерін Оқушылар сарайына 25 наурыз күні өтетін «Көктемгі калейдоскоп» атты шығармашылық қонақжайға шақырды. |