Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12642988
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
15663
29268
101937
12290016
337153
367470
12642988

Сіздің IP: 34.203.221.104
Уақыт: 2024-03-28 19:56:47

Абайдың жолымен

Тропой Абая Тропой Абая
Тропой Абая Тропой Абая

19 ақпан күні «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері өз жетекшілері Марина Юрченкомен Осипенко көшесінде орналасқан Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.

Тропой Абая Тропой Абая
 

Жас әдебиетшілер балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Абайдың жолымен» атты әдеби қонақжай өткізді. Аталмыш іс-шараға дайындық кезіңде «Рауан» оқушыларының басты мақсаты - Ұлы ақын, жазушы  Абай Құнанбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзиясына деген қызығушылықтарын арттыру  болып табылды.

Шығармашылық қонақжайға дайындық кезіңде студия тәрбиеленушілері Абайдың ақындық жолымен терең танысып, көп материалдар жинады. Сценарий бойынша шығармалар дайындап, музыкалық әрлеуді де, безендіру жұмыстарын да өз қолдарына алды. Бұл шығармашылық кездесу мәжіліс залында өтті. Мария Мухина, Ая Оразалина, Карина Мингалёва, Виталий Журавлёв, Гульфараз Тюлюбаева және Илья Феофановтар орыс тілінде Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  «Абайдың қара сөздері», «Онегиннің сөзі», «Татьянаңың Онегинге жазған хаты» атты шығармалары да оқылып жатты. Қонақтар гитарамен ән айтып, қалам ұшынан туған туындыларын паш етті.  «Абайдың жолымен» атты әдеби қонақжайда ұстаздарымен қоса 38-ден астап балалар болды.

«Рауан» студиясының оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілерін Оқушылар сарайына 25 наурыз күні өтетін «Көктемгі калейдоскоп» атты шығармашылық қонақжайға шақырды.

Түсініктемелер қосу