Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17490259
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1081 23967 123165 17154813 410210 426494 17490259 Сіздің IP: 3.141.28.197
Уақыт: 2025-04-26 04:55:42
|
Балалық шақтың мерекесі
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы балаларды қорғау күніңде балалар мен жастар оркестрлерінің дәстүрлі шеруіне қатысты. Сарайымыздың шығармашылық ұжымдары, студиялары мен клубтарынан 250 тәрбиеленушілері Ертіс жағалауында алдыңғы қатарда сапқа тұрып шеруден өтті. «Алға, Қазақстан!» атты танымал әннің сүйемелдеуімен әдемі киімдерін киген оқушылар жаңадан би қойылымдарынан құралған шеруді паш етті.
Сонымен қатар бұл күні Оқушылар сарайының алаңында көңілді мереке ұйымдастырылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мерекеге жиналаған қонақтар сайыстарға қатысып, сурет салып, ән айтты, би биледі. Балалар халқымыздың «Асық ату», «Хан талапай», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын ойнады. Мерекенің соныңда би флешмобы болды. |