Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22892205
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2509 4922 54114 22612565 106453 270568 22892205 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-07-12 09:45:06
|
Балалық шақтың мерекесі
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы балаларды қорғау күніңде балалар мен жастар оркестрлерінің дәстүрлі шеруіне қатысты. Сарайымыздың шығармашылық ұжымдары, студиялары мен клубтарынан 250 тәрбиеленушілері Ертіс жағалауында алдыңғы қатарда сапқа тұрып шеруден өтті. «Алға, Қазақстан!» атты танымал әннің сүйемелдеуімен әдемі киімдерін киген оқушылар жаңадан би қойылымдарынан құралған шеруді паш етті.
Сонымен қатар бұл күні Оқушылар сарайының алаңында көңілді мереке ұйымдастырылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мерекеге жиналаған қонақтар сайыстарға қатысып, сурет салып, ән айтты, би биледі. Балалар халқымыздың «Асық ату», «Хан талапай», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын ойнады. Мерекенің соныңда би флешмобы болды. |














