Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12966628
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
403
6008
38609
12665085
19426
265655
12966628

Ваш IP: 3.145.191.214
Время: 2024-05-04 01:27:52

Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлерінің ардагерлері туралы облыстық бейнематериалдар конкурсы

Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлерінің ардагерлері туралы
облыстық бейнематериалдар конкурсының
ЕРЕЖЕСІ

Бейнематериалдар конкурсы (одан ары - конкурс) Жеңіс күнін мерекелеу дайындығының шеңберінде өткізіледі.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы – XX ғасырдың жаңаша тарихының маңызды парағы. Біздің санамызда ол шексіз қайғы мен қасіреттің құнымен қол жеткізген, ұлы ерлік пен жеңістің белгісіндей.Бұл адамгершілік ар-намыс  және тәуелсіздік үшін болған соғыс.

Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтау – әрі қарай дамудың негізі.Тарихты ұмытпау және оны мақтан ету – ұлт абыройының негізі, оның ұлттық мүдде, құндылықтар мен идеяларын жүзеге асырудың қабілеттілігі. Ұлы Отан соғысы – бізбен қатар өмір сүріп жатқан ата-бабаларымыздың, әжелеріміздің рухани жеңісі, ол жеңіс болмаса, біз де, біздің Отанымыз да болмас еді.

Бейнематериалдар Ұлы Отан соғысының немесе тыл еңбеккерлері ардагерлерінің, концлагерлер тұтқындарының, Ленинград блокадасына қатысушылардың  сұхбаты болуға тиіс; ҰОС батырлары туралы естеліктерді сақтау бойынша балалар-жасөспірімдер ұйымының жұмысын бейнелеуге тиіс; сол уақиғаға қатысушыларға жәрдем беру жұмысына қатысты болуға тиіс.

Сол уақиғаға арналған бейнематериал оның көлеміне сәйкес, есте қалатын, әсерлі болуға тиіс.

Конкурстың мақсаты және міндеттері


•    Туған елінің жетістіктері үшін мақтаныш және патриотизм сезіміне, оның тарихына құрметпен және қызығушылықпен қарауға, халқының салт-дәстүрлеріне  ұқыптылық танытуға тәрбиелеу.
•    Еліміздің тарихында маңызы зор уақиғаларғабайланысты бейнематериалдарды шығаруға мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарды тарту.


Өткізу мерзімі


Конкурс 2012 жылдың 1наурызы мен 1 мамыр аралығында өткізіледі.

Жұмыстар 26 наурыздан 23 сәуірге дейін қабылданады.

Конкурстың қорытынды шарасы 2012 жылдың 4 мамырында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының кіші залында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа Павлодар облысының барлық типтегі  білім беру мекемелерінің жеке тұлғалары немесе топтары қатыса алады.

Конкурс жұмыстарына қойылатын талаптар

•    Бейнематериалдардың ұзақтығы бес минуттан аспауға тиіс
•    Бейнематериал әскери-азаматтық тәрбиені жүзеге асыру бойынша сынып, мектеп, ұйымның 2011-2012 оқу жылындағы жұмысын бейнелеуге тиіс
•    Бейнематериалдың негізгі идеясын түсіндіретін автор мәтінінің көлемі екі баспа парақтан аспауға тиіс (шрифт Times New Roman, кегль 14)

Конкурсқа жіберілетін материалдар тәртібі

Өтініштер және конкурстық жұмыстар  2012 жылғы 23-ші сәуірге дейін мына мекенжай бойынша: Павлодар қ., 1 Май к-сі, 27, облыстық Оқушылар сарайы немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжай бойынша  қабылданады.

Бейнематериалдарды бағалау өлшемдері

•    Идеяның өзектілігі. Бейнематериал конкурс жұмыстарына қойылатын талаптарға сайболуы тиіс және уақиғаның маңыздығын бейнелеуге тиіс;
•    Тапсырмаға сәйкестігі. Бейнематериал берілген тақырыпқа сәйкес және қойылған міндеттерді шешуге тиіс;
•    Идеяның бірегейлігі. Бейнематериалдың сюжеті бұрыннан белгілі бейнероликтерді қайталамауға, мазмұны ерекше болуы тиіс.

Конкурстың ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

Жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті және кәсіби Қазылар алқасы  құрылады. Олардың міндеті конкурсты ұйымдастыру және жеңімпаздар мен лауреаттарды анықтау.

Бейнематериалдар конкурсына қатысуға өтініш

Білім беру мекемесінің толық атауы

Бейнематериалдың аты ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Бейнематериалдың авторлары  __________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Жетекшісі (егер болса) ________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Бейнематериалдың ұзақтығы _____________________________
Қысқаша мазмұны ____________________________________________________________________

Мен бұл бейнематериалдың авторымын, фильмге қатысты өзімнің авторлық құқықтарымды растаймын. Конкурстың шарттарымен келісемін, фильмнің конкурстық қорытынды дискіге енуіне қарсы емеспін. Конкурсты және бейнефильмді көпшілікке тарату мақсатында бейнематериал кадрларының конкурстың монтаждық жұмысына кесіп алып немесе толық  пайдалануына рұқсат беремін.
Күні: ______________________    Автордың қолы:  __________________________
Байланыс ақпараты (телефоны, мекенжайы, е-mail) :
_______________________________________________________________________
Бейнематериалдар мына түрде қабылданады:
Дискілер: CD, DVD
Форматы: avi, mpg, mpeg, mp4, wmv, vob

1.Фильм бейнежазудың жоғары сапасын қамтамасыздандыратын қолжетімді таратуда  жіберілсін.
2.Стандартты емес кодексті пайдаланған жағдайда, орнату файлы дискіге жазылсын.
3. Жұмыстарға пікір жазылмайды және олар кері қайтарылмайды.