Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12944765
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2599
14147
16746
12665085
263218
375712
12944765

Ваш IP: 3.141.31.240
Время: 2024-04-30 16:20:39

«Қара теңіз олимпіндегі» павлодарлық жеңімпаздар

Павлодарские покорители «Черноморского олимпа» Павлодарские покорители «Черноморского олимпа»
Павлодарские покорители «Черноморского олимпа» Павлодарские покорители «Черноморского олимпа»

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар Сарайы «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының тәрбиеленушілері Сочи қаласында өткен фестивалінен бас жүлдемен оралды. «Қара теңіз олимпі» VII Халықаралық фестиваль-конкурсы 2016 жылдың 20-27 маусым  аралығында Сочи қаласы  «Дагомыс» курортының  киноконцерттік залында өтті.

Павлодарлық бишілер сайысқа дайындаған барлық би номерлері үшін жүлделі орындарға ие болды. «Пробуждение» және «Танец степей» атты музыкалық қойылымдары фестивальде ең үздік атанды. Бұл би үшін «Блэйз» үлгілі студисы «Қара теңіз олимпі» деген бас жүлдеге қол жеткізді. Студияның барлық тәрбиеленушілері билейтін «Дрессировщица» және «Мы вместе» атты би номерлері конкурста I орынды жеңіп алды. Сондай-ақ «Блэйз» студиясының кіші және орта топтары  I орын үшін кубоктармен марапатталды. Студияның ең кішкентай әртістері «Тип-Топ» тобына  «Банана мама» және «Кто ходит в гости по утрам» атты билері үшін құрметті II-ші орын бұйырды.

Павлодарские покорители «Черноморского олимпа» Павлодарские покорители «Черноморского олимпа»
Павлодарские покорители «Черноморского олимпа» Павлодарские покорители «Черноморского олимпа»

«Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының жетекшілері Любовь Корнюхина, Ирина Руденко, Екатерина  Павленко және Анжелика Буличке қазылар алқасы қатысушыларды сайысқа үздік дайындап, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық таланттары үшін алғыс хаттар табыстады.

- Біз қаланы тамашалап,  Олимпиада саябағында болдық,- дейді «Блэйз» студиясының жетекшісі Любовь Корнюхина. – Біздің балаларға халық биі және заманауи биден ұсынылған шеберлік-сабақтар өте ұнады. Ресей мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Юрий Деревягин және Сочи мәдени колледжі театр және хореография бөлімінің жоғарғы санатындағы оқытушысы, заманауи хорегорафия бойынша сарапшысы  Наталья Вуранел шеберлік-сабақтарды өткізді.

Добавить комментарий