Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

7761022
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2754
3140
2754
7571751
185804
171023
7761022

Ваш IP: 18.232.177.219
Время: 2022-06-27 15:38:52

Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті

Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай»  республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті
Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай»  республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті

17 сәуірде Оқушылар сарайының басты сахынасында 227 ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» республикалық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өткізілді. Бұл жұлдызды сайысқа болашақ таланттарды қолдап, әділ баға беру үшін Елордамыздан құрметті қонақтар келді. Олар: Қазақстан эстрада әншісі Алмас Кішкенбаев, «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры директорының орынбасары Алтынай Таңірбергенова, «ОЛИМПИОНОК» қоғамдық қорының президенті Ақан Зейнолла, режиссердің көмекшісі Эльмира Қасыбаева, ҚАЗҰӨУ-нің вокал педагогы Мадина Асқарова, «Хабар 24» телеканалы ым-қимыл аудармашысы Хасан Исраилов, «Zhan Alemi Group» компаниясының үйлестірушісі Айдархан Куватбеков, «Zhan Alemi Group» компаниясының бейнеграфы Азам Абдуллаев, «Zhan Alemi Group» компаниясының фотографы Марат Абилов болды.

 

«Жұлдызай» фестивалінің басты мақсаты мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылығы мен әлеуметтік белсенділігін дамыту. Фестиваль басталмас бұрын Республикамыздағы «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры туралы керемет бейнефильм көрсетілді. Көркем-қолданбалы және бейнелеу өнері номинациялары бойынша көрме ұйымдастырылды. Қазылар алқасының мүшелері жас таланттардың өнерлерін аспапта орындау, әнді ым-ишаратпен орындау, вокалдық орындау, хореография, көркем-қолданбалы және бейнелеу өнері атты алты номинация бойынша бағалады. Бүгінгі күні «Жұлдызай» жобасы – бұл бала тұлғасын өзіндік дамыту, оны тұрақты қазақстандық қоғамға кіріктіру бойынша бірлескен қоғамдық нәтижелі жұмыс. Жыл сайынғы «Жұлдызай» республикалық балалар фестивалінде өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін көп еңбек ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылықта, музыкада өз өнерлерін көрсетуге керемет мүмкіндік алады. Қазылар алқасының мүшелері бірауыздан жоғарыда аталған фестиваль қатысушыларының сапалы нөмірлерін атап өтті.

Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай»  республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті
Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай»  республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті Оқушылар сарайының төрінде «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жұлдыздары өнер көрсетті

Фестиваль қорытындылары бойынша барлық балаларға «Жұлдызай» фестивалі қатысушысының сертификаттары табыс етілді. Ал екінші республикалық іріктеу кезеңіне өткен қатысушыларды көптеген қызықтар күтуде. Болашақ жарық жұлдыздар еліміздің басты сахнасында өнер көрсетіп, жұлдыздармен кездесіп, қызықты шеберлік-сыныптар мен көрмелерге қатысады.

Добавить комментарий