Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22735565
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3190 11622 36884 22466639 220381 338951 22735565 Ваш IP: 216.73.217.58
Время: 2026-06-25 02:25:24
|
Астана қаласында өткен «SPRING CUP-2017» би байқауының жеңімпаздары
Ағымдағы жылдың сәуір айында Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық-балдық би ұжымы Астана қаласында өткен «SPRING CUP-2017» Халықаралық би турнирінде бақтарын сынап, бірнеше дүркін жеңімпаз атанды.
Бұл байқауға Астана, Семей, Қарағанды, Степногорск, Шахтинск, Рудный, Орал қалаларынан 700-ге жуық би шеберлері қатысты. Көздің жауын алатын керемет би сайсында Қазақстан және ТМД-нің барлық аймақтарынан қазылар алқасы жиналды. Біздің «Анастасия» би ұжымынан Ювеналы-2 санатында Асанали Шоқпаров және Кристина Корниенко I-ші орынды иеленді. Юниоры-1 санатында Джахангир Мусинов пен Рената Гильмияноваларда I-ші орынға жайғасты. Сонымен қатар Ювеналы-1 санатында Серікболсын Оспанов және Айзиза Бектурова I-ші орынға қол жеткізді. Ал Соло-юниоры 1 санатында Мерей Тау II –ші орынды иеленсе, Анастасия Евдокимова Соло-юниоры 1 санатында II –ші орынға жайғасты. Ал Әділет Жуманғалиев пен Алина Ахметовалар юниоры-1 санатында II –ші орынды иеленді. Соло-юниоры 1 санатында Алина Шукан III-ші орында болды. Бұл байқаудың басты мақсаты Мәскеуде өтетін би сайысына үздік ұжымдарды және жалғыз би билейтін бишілерді іріктеп таңдап алу, Еліміздегі спорттық биді көпшілік қауымға паш ету және би өнерімен айналысатын ұжымдар бір-бірімен тәжірибе алмасты, – деп тұжырымдады «Анастасия» би ұжымының жетекшісі Виолетта Никитина. |














