Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Дополнительная информация 

Наши посещения 

7753704
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1565
3838
25711
7518573
178486
171023
7753704

Ваш IP: 3.238.125.76
Время: 2022-06-25 13:46:36

«Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары

«Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары «Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары
«Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары «Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары

Оқушылар срайында 2001 жылдан бастап «Дебют» авторлық студиясы жұмыс жасап келеді. Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні осы студяның көптен күткен «Я хочу петь!» атты есеп беру концерті болып өтті. Бұл мерекелік іс-шарада «Дебют» тәрбиеленушілері жыл бойы үйренген тамаша әндерін ортаға алды. Ән мен күйге толы бұл есеп беру концертіне Павлодар қаласы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжінің педагогтары, «SuperStar KZ» жобасының әндерін әрлеушілері, Оқушылар сарайының педагогтары,  «Дебют» тәрбиеленушілерінің ата-аналары мен достары қатысты. Студяның өз ішіндегі «Тентеки», «Айдарай», «Бауырсақ» және соло орындаушылары өнерлерін ортаға салды. Бұл күнгі мерекелік есеп беру концерті «Жаса,Қазақстан» әнімен ашылды.

«Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары «Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары
«Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары «Дебют» авторлық студиясының жарық жұлдыздары

Таланты жарық жұлдыздарға Қазақстан композиторлар одағының мүшесі әрі авторлық студиясының жетекшісі Эльвира Тавкильевна Лютровник, әннің сөзін музыкасын өзі жазады. Сонымен қатар студиясының қосымша білім беру педагогы, аккомпаниаторы Динара Зиадиновна Капарова осыдан 15 жылдан астам оқушыларға өз таланты мен дарынын аямайды. Бұл екі ұстаз жас әншілерге шебер ұстаз ретінде, қамқор ана да бола біледі. Ән ұжымында соло, дуэт, трио, вокалдық топтар тағы да бар. Авторлық студияның «Дебют» деп  аталуы да осыдан, оқушылар жазылған әнді алғаш рет өздері орындайды. Эльвира Тавкильевна ән жазған кезінде шабытты сүйкімді балалардан аламын дейді. Авторлық студияда 4-17 жас аралығында оқушылар ән айтуға үйреніп, сахна өнеріне байланысты тәжірибе жинақтайды. Оқушылардың ұстаздары әр балаға жеке-жеке репертуар таңдайды. Бұл студияның оқушылары ашық жарқын, өте белсенді, болшақ еліміздің жарық жұлдыздары.  

«Дебют» авторлық студиясы Халықаралық және Республикалық ән байқауларына қатысып, жүлделі орындара ие болды. Талантты жас әншілер Испания елінде өткен «Море, солнце, фестиваль», Болгария еліндегі  «Мир, искусство, море», Италиядағы «Rimini Stars», сонымен қатар Санкт-Петербор қаласындағы  «Волшебный мир кулис» атты байқаулардан жеңімпаз атанып келді.  

Осы жаз айында «Дебют» авторлық студиясы Болгария елінде өтетін Халықаралық жас вокал орындаушылардың конкурсына дайындық үстінде. Жас өнерпаздарға ақ жол мен сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий