Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20820133
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8764 18387 8764 20557598 153857 433954 20820133 Ваш IP: 216.73.216.59
Время: 2026-01-12 12:15:20
|
Біз – бармыз, біз - боламыз!
Оқушылар сарайының «Ровесник» еріктілер клубы кезекті мейірімділік ациясын өткізді. Бұл жолы еріктілер ерекше қажеттіліктері бар балаларға назар аударды. «Ровесник» еріктілер клубының балалары Павлодар қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары үшін «Біз-бармыз» деген квест ойының дайындады. Квест ойынының қатысушылары логикалық тапсырмаларды шешіп, жұмбақтарды іздеді, белгілер мен жасырын нысандарға тап болды. Ойынның ең қызықты сәтінде мультфильм кейіпкерлері Спанч Боб пен Патрик балалармен би билеп, ал ойынның «ең дәмді» сәтінде олар қағаздан жүрекшелер және тәтті кәмпиттер жасады. «Біз-бармыз» квест ойынына 15 ерекше қажеттіліктері бар балалар және олардың 8 ата-анасы қатысты. - Қайырымдылық пен сезімталдық күнделікті өмірде өте қажет, - дейді «Ровесник» клубының мүшесі Балнұр Қошматова. – Біздің облысымызда көптеген адамдар қарапайым көңілді талап етеді. Біз еріктілер, ең алдымен мектепке бара алмайтын, тек қана өз ата-анарымен қарым-қатынаста болатын балаларға, яғни өзіміздің құрдастарымыз, денсаулықтарында ақаулықтары бар балаларға қол ұшымызды беруге тырысамыз. Олардың өміріне қатысу балалар үшін өте маңызды. - Жуырда ғана, біз өзіміздің клубымызбен №4 павлодарлық мектеп-интернатында болып қайттық, - дейді жас еріктілердің жетекшісі Самал Сулейменова. Менің оқушыларым ол жерде тосынсыйлармен бірге «Алаканparty» көлемді акциясын өткізді. Бұл акция шеңберінде сол кезде әлемге 103 бала өз алақандарын жайды. |














