Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения12984545
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5020 7230 5020 12771777 37343 265655 12984545 Ваш IP: 3.15.10.137
Время: 2024-05-06 22:52:02
|
Ғарыш көлемінде болған жаңа жыл
22 желтоқсан күні Павлодар қаласының «Ертіс» қонақжай кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шырша өтті. Оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері бұл жаңа жылдық мерекеге белсенді қатысты. Шыршаға қатысқан оқушылар үшін мереке ұйымдастырушылар «ғарыштық» қойылым қойып, кештің тақырыбын ғарыш саласына арнады. Жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Астана, Айсәуле, Төбет жұлдызы, Аяз-би келген балаларға жұлдызды аспанның құпияларын ашып, Астана кейіпкерінде келген сұлу бойжеткен қызды жиырма жылдық мерекесімен құттықтады. Атап кетсек, мерекенің сценарийін Оқушылар сарайының педагогтары жазған болатын. Балалар үшін Оқушылар сарайының «Жас Дәурен», «Вдохновение», «Дебют», «Блэйз», «Свет Звезды», «Сплэш», «Арман-шоу», «Анастасия», «Айдарай», «Жұлдыздар» көркемөнер ұжымдары шығармашылықтарын ұсынды. Елбасы атынан шыршада 9 бен 13 жас аралығындағы 150-ден астам балғындар қатысты. |