Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12968386
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2161
6008
40367
12665085
21184
265655
12968386

Ваш IP: 18.216.34.146
Время: 2024-05-04 09:18:47

«Арман шоу» театр - студиясы Испан елінің сахынасында алғаш рет жеңіске жетті

Первые победы театра - студии «Арман шоу»  на испанской сцене Первые победы театра - студии «Арман шоу» на испанской сцене
Первые победы театра - студии «Арман шоу»  на испанской сцене Первые победы театра - студии «Арман шоу» на испанской сцене

Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Арман шоу» үлгілі театр-студиясы  2019 жылдың 6-9 қаңтар аралығында Испан елінің Ллорет-де-Мар қаласында өткен «Costa Brava» Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты. Аталмыш фестивальді Льорет-де-Мар қаласының әкімшілігінің қолдауымен «FIESTALONIA» испан компаниясы ұйымдастырған  болатын. Конкурсқа Испания, Италия, Ұлыбритания, Франция, Канада,  Ресей, Грузия және Қазақстаннан әртістер қатысты.

Первые победы театра - студии «Арман шоу»  на испанской сцене Первые победы театра - студии «Арман шоу» на испанской сцене
Первые победы театра - студии «Арман шоу»  на испанской сцене Первые победы театра - студии «Арман шоу» на испанской сцене

Театр-студияның жас әртістері «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша қазақ, ағылшын, испан және француз тілдерінде ән шырқады.

Шетелдік сахынада алғаш рет өнер көрсетіп, Лара Фабианның «Je Suis Malade» әнің шырқаған Надира Бимаганова бірінші жүлделі орынға ие болды. Екінші орынды Әсел Оразалина мен Айсулу Сардарова жеңіп алды. Айсұлу француз әншісі Индиланың «Derniere Danse» атты әнің орындады, Әсел Тина Тернердің «Simply the Best» әнің шырқады. Үшінші орынға «Santa Lucia» әнімен Ғалым Томирис және «Шырқа, домбыра» әнімен Аружан Жанайдар қол жеткізді. Ал Аружан Имангазина, Айсұлтан Амангелді, Алдияр Батырбаев, Амир Жакаев конкурстың дипломанттары атанды.

«Costa Brava» конкурсының ұйымдастырушылары ұжым жетекшілері Алмагуль Бекбулатова, Айгерим Бекбулатова және Тамерлан Аскаусовқа жас әншілердің кәсіби дайындықтары үшін алғыс хатпен марапаттады.

- Біздің жас әншілер алғаш рет шетел сахынасында өнер көрсетті. Оқушылар бұл саяхаттан ұмытылмастай әсер алды. Балаларға еуропалық қонақжайлық өте ұнады. Олар испан халқының ұлттық мәдениетімен танысты. Біздің жас әншілердің тек қана вокалдық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық киімдерінің бай нақыштарына жоғары баға берілді. Конкурс жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Қазылар алқасы өте қатал, құзырлы болды. Конкурсқа қатысқан ерсек және балаларға бірдей баға берілді, - деді Айгерім Бекбулатова.

Добавить комментарий