Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17691501
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3202 14392 3202 17432108 142980 468472 17691501 Ваш IP: 3.135.204.121
Время: 2025-05-12 02:36:08
|
Жарайсыңдар, жас актерлер!
27 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ театрынын сыншысы Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жылдық мерейтойына арналған театр өнерінің «Театрдың ғажайып әлемі - 2019» Республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға облыстың жалпы орта және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары келесі номинациялар бойынша өнер көрсетті: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры». Жас актерлердің сахыналық қойылымын Ж.Аймаутов атындағы театрға еңбегі сіңген актерлері «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Жұмахан Доспаев, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының Лауреаты Құралай Мусанова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлжанат Омарова баға берді. Конкурстың бас жүлдесін Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатының ұжымы ұтып алды. Жас актерлер үлкен залдың сахына төрінде М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің желісі бойынша драмалық спектакльді сомдаған болатын. Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды: - Бұл конкурстың басты мақсаты балалар театр шығармашылығын дамыту. Бүгін бас жүлдеге қол жеткізген ұжым 2019 жылдың 25-26 наурыз аралығында Атырау қаласында өтетін Республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайды. |