Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22586915
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 7883 7481 22397 22358942 71731 338951 22586915 Ваш IP: 216.73.217.134
Время: 2026-06-10 17:34:29
|
Павлодарлық оқушылар «Сәлем, ханшайым» атты спектаклінің премьерасын тамашалады
Оқушылар сарайында Г.Х.Андерсен ертегісінің желісі бойынша «Сәлем, ханшайым» атты спектаклі өтті. Сәуір айында «Калейдоскоп» театр студиясы Халықаралық балалар кітабы күніне қарсы дәстүрлі сахыналық қойылымдар әзірлейді.
Көрермендер сахына төрінде ханшайымды, әйгілі орыс халық ертегісінің кейіпкерлерін және Андерсеннің басқа да ертегілерінің кейіпкерлерін таныды. Ертегі жиналған қауымның көңілінен шығып, ду қол шапалақпен қарсы алды. Театр студиясының жас актерлері осы оқу жылында көрермендерді екінші рет сахыналық қойылыммен қуантып отыр. - Балалар кітабы оқушыларды таңғажайып әлемге бөлейді, жақсы мен жаманның айырмашылығын білдіреді, көңіл күйлерін көтереді, қуантады. Оқушылар тағы да бір мәрте Андерсеннің шығармаларындағы кейіпкерлермен қауышты,- деді «Калейдоскоп» студиясының жетекшісі |














