Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

21969430
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
8211
9643
69244
21667796
121361
343241
21969430

Ваш IP: 216.73.216.4
Время: 2026-04-12 21:16:18

«Жас дәурен» вокалдық студиясының жас әншілері «Әлемнің жарығы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Юные вокалисты студии «Жас дәурен» стали победителями республиканского конкурса «Әлемнің жарығы» Юные вокалисты студии «Жас дәурен» стали победителями республиканского конкурса «Әлемнің жарығы»
Юные вокалисты студии «Жас дәурен» стали победителями республиканского конкурса «Әлемнің жарығы» Юные вокалисты студии «Жас дәурен» стали победителями республиканского конкурса «Әлемнің жарығы»

2026 жылғы 18 наурызда «Жас дәурен» вокал студиясы «Әлемнің жарығы»  Республикалық жас вокалистер байқауына қатысып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қашықтан форматта өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты — талантты балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ ұлттық мәдениетті сақтау және насихаттау. Сонымен қатар жас орындаушылардың отандық мәдени дәстүрлерге қызығушылығын арттыру, балалар вокал өнерін дамыту, академиялық, эстрадалық және халық ән айту дәстүрлерін дәріптеу, орындаушылық шеберлікті жетілдіру және ана мен бала арасындағы рухани-эстетикалық байланысты нығайту көзделді.
«Жас дәурен» вокалдық ұжымы «Эстрадалық вокал» номинациясы (соло орындау бағыты) бойынша өнер көрсетті. Байқауға Исатай Еркежан және Берекелі Бексұлтан қатысып, қазақ композиторларының ана тақырыбына арналған бір-бір әнін орындады. Берекелі Бексұлтан «Анашым-ай» әнін, ал Исатай Еркежан «Ай дидарлы анашым» әнін шырқады.
Байқау қорытындысы бойынша екі орындаушы да І орынға ие болды.
«Жас дәурен» вокалдық студиясы республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, өз беделін лайықты түрде танытты. Байқауға қатысу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, орындаушылық шеберлігін арттыруға және вокал өнеріне деген қызығушылықты күшейтуге ықпал етті.
Жоғары нәтижелер ұжым жетекшісі Ногаева Б.К.-ның кәсіби шеберлігін және дарынды балалармен жүйелі жұмыстың нәтижесін айқын көрсетеді.

 

Добавить комментарий