Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12961534
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1317
8471
33515
12665085
14332
265655
12961534

Ваш IP: 3.15.147.215
Время: 2024-05-03 06:05:05

«Анастасияның» алтын ақпаны

Золотой февраль «Анастасии» Золотой февраль «Анастасии»

Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» би- спорттық клубы үшін Астана қаласында өткізілген «Astana winter fest 2015»  ашық фестиваліне қатысуы шынымен «алтын» болды деп айтуға болады. Олар 14 алтын медаль және екі жүлде жеңіп алды!

2015 жылғы 8 ақпанда «Назарбаев зияткерлік мектебінің»астаналық кешенінде спорттық бал билері және әртістік билер бойынша Республикалық турнир өткен болатын. Оның ұйымдастырушылары  «National Dance Council» - «М-Денс»би-спорттық клубы және «Ренессанс»би шеберлігінің мектебі болды.

Золотой февраль «Анастасии» Золотой февраль «Анастасии»

Бұл керемет сұлулық пен сымбаттылықтың мерекесіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 –ге жуық би жұптары қатысты: Астана, Қарағанды, Петропавл, Жетіқара. Бұл турнирдың ең кішкентай қатысушысы 4 жасқа жаңа толған болатын.

Павлодарлықтар 25 адамнан тұратын командамен келді.Біздің жас бишілер әр түрлі санатта жоғары деңгейді көрсете білді.Ерекше көзге түскен Кристина Корниенко-ол «Соло»санатында абсолюттік чемпион атанып, 8 алтын медальға ие болды.

Золотой февраль «Анастасии» Золотой февраль «Анастасии»

Әділет Жұманғалиев пен Әнел Мустафинаның би жұбы «Юниоры»санатында женімпаз атанды. Ал кіші топта ең үздік болған Дамир Қаирбеков пен Мадина Бушумбаева.

Аталған балалар М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия»би-спорттық клубына бірнеше жыл қатысып келеді.

Ұжымның жетекшілері - Виолетта Никитина, халықаралық санаттағы төреші және Анастасия Загорулько, бал билері бойынша Қазақстан чемпионы – олар бірнеше мәрте чемпиондарды тәрбиелеп өсірген.

Қазақстан бойынша спорттық-балды билерден павлодарлық мектеп тәрбиеленушілерінің жаңа жеңісі ең күштісі екенің тағы да дәлелдеді.

Добавить комментарий