Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12971900
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
5675
6008
43881
12665085
24698
265655
12971900

Ваш IP: 18.118.137.243
Время: 2024-05-04 22:34:35

Бабалар мұрасы ұрпаққа аманат!

Деянья предков боевые потомкам славить суждено! Деянья предков боевые потомкам славить суждено!

19 наурыз күні М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында  Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 70-жылдығына арналған облыстық колледждер арасында  «Ерлік-елдіктің белгісі» атты сахналық байқау-конкурсы болды. Конкурста облысымыздың 30 колледждерінен оқушылар қатысты.

Іс-шараның құрметті қонақтары педагогика еңбегінің ардагерлері, облыстық  ардагерлер  кеңесінің мәдени-бұқаралық  жұмысы бойынша комиссия мүшелері Любовь Степановна Кашина, Любовь Максимовна Федотова және Лидия Дмитриевна Демина болды. Қазылар алқасының құрамына білім басқармасының бас маманы Николай Серікұлы Қожахметов, білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі Гульнар Алтаевна Баймуханова, №41 орта мектебінің театр үйірмесі жетекшісі Марина Евгеньевна Билана, М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Арман-шоу» театр студиясының жетекшісі Ғалия Серікқызы Жанкаринова енді.

Деянья предков боевые потомкам славить суждено! Деянья предков боевые потомкам славить суждено!

Қазылар алқасының төрағасы Павлодар облысының дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық бойынша аймақтық оқу-тәжірибелік орталығының директор орынбасары Тимур Мұсабекұлы Аленов болды.  Жас өнерпаздардың шеберлігі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: актерлік шеберлік, мәнерлілік, және қойылымдардың эмоциялығы, вокал шеберлігі, орындаудың сахналық  жөнге  салынуы іс-қимылдардың, орындаудың сапасы, бұқаралылық, орындаудың өзіндігі, әннің негізгі мән-мағынасын және ерекшелігін жеткізе білу, сахналық бейне және мәдениет сценографиясы, реквизиттерді және сахналық костюмдерді пайдалану, тақырып пен регламенттің үйлесімділігі.

Деянья предков боевые потомкам славить суждено! Деянья предков боевые потомкам славить суждено!

Байқау қорытындысы бойынша гран-при «Ленинградский метроном» атты «Музыка колледжі  - музыка мектебі – Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» павлодарлық кешенінің  - вокал тобының әннің керемет қойылымына  берілді.   Бірінші орын Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы мәдениет-ағарту колледжінің оқушыларына берілді. Екінші орын Бейсен Ахметов атындағы Павлодар гуманитарлық – педагогикалық колледжінің оқушыларына «О героях былых времён...»  атты соғыс жылдарындағы ән қойылымына берілді, үшінші орын – Успен  аграрлы-техникалық колледжінің - «Темная ночь» атты қызықты ән қойылымына берілді.

Добавить комментарий