Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12978520
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
6225
6070
50501
12665085
31318
265655
12978520

Ваш IP: 18.217.108.11
Время: 2024-05-05 19:47:05

«Вдохновение» бар жерде, нәтиже де бар!

Где «Вдохновение», там результат! Где «Вдохновение», там результат!

Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде.

Осыдан 30-жыл бойы М.Катаев атындағы «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі өзінің керемет шығармашылығымен барша жұртты қуантып келеді. Концерттер, фестивальдер, дайындықтар, тағы да, тағы да қойылымдар... Бұл атақты ұжымның шығармашылық жолы осындай. Халық биін негізге алған, бұл ұжым керемет репертуарын, әдемі қойылымдарын жылдар бойы құрып келеді.

 

- Халық биі, бұл халық шығармашылығының ерекше түрі, әр-түрлі ұлттардың сахыналық тұрмыстық-жанрлық ашық-жарқын темпераментін ашатын өнер – дейді, «Вдохновения» би ансамбілінің жетекшісі Галина Александровна Лапухина. Би - дегеніміз бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар, қажырлы әрі күнделікті еңбек болып табылады.

Оқушылар сарайының би залына, үлкен ынтасымен кішкентай балдырғандар келеді. Біздің оқушылар аса бір мейірімділікпен, толқу сезімдерімен, еңбектің арқасында өз ата-аналарына, ұстаздарына шығармашылық сыйлықтарын дайындау үшін күндер мен айлар өтеді. Ал одан кейін ұжымның әрбір баласы концерттік қойылымдарымен өз ұжымдарын танымал етеді. Ұжымның қоржынында халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен фестивальдерде жеңген жеңістер бар. Олардың өз би әсірежанкүйерлері де бар.

Міне, тағы да бір оқу жылы аяқталды. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында 4 мамыр күні «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің есептік концерті болды. Бұл концертте оқушылардың ата-аналары болды.

Залдағы көрермендер саны 400-ге жуық адам. Рессей және Астана қалаларынан «Вдохновения» би ансамбілінің түлектері концертке келді. Көрермендер «Нәзік ару», «Борьба внутри нас», «Китайский», «Данс Микс», «Let`s show» (бұл билер Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық конкурсында «Вдохновению» би ансамбіліне жеңіс әкелген қойылымдар), «Айгена», «Мереке», «Молитва», атты корей билері, «Клоуны» атты қызықты биі, «Память» атты керемет қойылым, «Ситара», «Картинки Отрара», «Dance on the ship» атты үнді билері, «Я на горку шла», «Неразлучные друзья», «Цыплята», «Қөңіл толқыны» атты жалынды әрі қызықты билері, және «Либертанго» атты сиқырлы әрі қызықты билерін тамашалады.

«Splash» заманауи би студиясы алғаш рет «Спецназ» атты қойылымдарын көрермен қауымға паш етті. «Вдохновение» би ансамбілінің түлектері Масловская Юлия мен Постолова Виктория көрермендерге «Танец выпускниц» атты биімен тосын сый жасады. Көрермендерге бейне мен слайдтар көрсетілді.

Жас өнерпаздар әдемі өнер көрсетті, көрермендердің шапалақтары төгіліп жатты. Олар керемет ансамблдің жетекшілері Галина Александровна Лапухина, Ирина Александровна Можейко және Елена Николаевна Калмыкованы зор құрметпен қарсы алды. Бұл ұстаздар балаларға биге деген зор махаббатарын, мейірімділік пен жылулықтың отын сыйлаған адамдар.

Оқушылар сарайдың тәрбиеленушілері өсіп-өрбіп, білім ордасымен қоштасады, ал ұстаздар қауымы болса бұл түлектердің орнына басқа оқушыларды қабылдап, жаңа келген оқушылармен бірінші жаттығуларды бастап, сахнаға бірінші рет шығатын оқушылармен толғаныс сезімдер пайда болады.
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының директоры А.Ж.Ерубаева керемет ұжымды құттықтап, дипломдармен марапаттады. Бұл ұжым шығармашылық қолтаңбасы бар, айқын мәнерлілігі мен өзіндік ойы бар, көркемдік мағынасы мол ұжым,- деп айтты Алма Жұмабайқызы.

«Вдохновение» - би ансамбілінің шығармашылық жолы бұл тоқтаусыз ізденіс пен сараптама болып табылады. Өз сахыналық ұстанымдарын өзгертпей тұра, ансамбль жаңа жанрларды қамтып, репертуарларын кеңейтуді көздеп отыр.

Бүгін біз сахнада қуанатын, таң қалатын, жабырқап күй кешетін билердің куәсі болдық. Бұл дегеніміз ансамбль дамып келеді, өз көрермендерін шеберліктерімен қуантады.

Бұл ұжымның әрбір қойылымдары – үлкен қажырлы еңбек, өз еңбегіне деген зор махаббат.

Добавить комментарий