Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12979851
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
326
7230
326
12771777
32649
265655
12979851

Ваш IP: 3.141.193.158
Время: 2024-05-06 01:15:40

«Музыкальный квартал» ән тобындағы мереке

Праздник в «Музыкальном квартале» Праздник в «Музыкальном квартале»

«Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы шығармашылық өнерлерінің бес жылдығын атап өтті. Бұл ұжымның жетекшісі - Татьяна Ивановна Атлан, концертмейстері - Ольга Михайловна Бродич. Оқушылар сарайының үлкен залында 20 мамыр күні бұл студияның есеп беру концерті болды.

Мерекелік кешке ұжымның өнерсүйер қауымы, жас әртістердің сыныптас достары, ата-аналары, үйірмешілері және Оқушылар сарайының ұстаздар қауымы болды. Шығармашылық жолының аз уақытына қарамастан бұл ұжым Германия, Ресей, Италия елдерінде өткен Халықаралық, Республикалық танымал конкурстарында  биік жетістіктерге жетті.

Осы жылдың көктем айында Алматы қаласында өткен «Манящие лики гор» атты балалар және жасөспірімдер Халықаралық фестиваль-конкурсында топтың әнші қыздары Алина Кулбаева, Дарья Иванченко, Аружан Казбекова және  Аиша Арантаева жеңімпаздар атанды. Павлодарлық өнерсүйер қауымға Сергей Никитенко, Даша Иванченко және «Эльzа», «Визави», «Асыкпа», «Эскимо» топтарының кішкентай әншілері жақсы таныс. Концертте әншілердің өнерлері мейірімділік пен қуанышқа толы болды, көрермендерің ыстық ықыласын, ду қол шапалақтарын туғызды.

Мерекеде 23 ән композициясы қамтылды, барлық әншілер бірнеше әннен орындап шықты. Бұл ұжымның  репертуарында өте көптеген әндер көрермен назарына лайықты болды, ал «Каникулы», «Мекенім, Қазақстан» және Тұрар Зейнолланың орындауындағы «Мен ораламын» әні, және 9 мамыр мерекесіне дайындалған «Жеңіс туралы» әндері көпшілікті тамсандырды. «Музыкальный квартал» ұжымының  әншілері мерекелік концерттерін «Взгляни на эту землю» атты тамаша әнімен аяқтап, мерекеде жұлдызды жауын себеленіп, балалар сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий