Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12900278
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
21619
18906
78951
12623686
218731
375712
12900278

Ваш IP: 18.222.119.148
Время: 2024-04-27 21:15:39

Бәрекелді, «Анастасия»!

Браво, «Анастасия»! Браво, «Анастасия»!

Концерттер, фестивальдер, дайындықтар, тағы да, тағы да қойылымдар -  Оқушылар сарайының мақтанышы аталатын «Анастасия» спорттық-би ұжымының өмірі осындай.  Осы ұжымның тәрбиеленушілері жылдан жылға республикалық, халықаралық дәрежедегі шығармашылық конкурстарға қатысып өз жетістік қоржының толтырып келеді. Осы жылғы олардың басты жетістіктері – Мәскеу қаласында өткен «Ты - легенда!» атты халықаралық фестивалінде I орынға ие болуы.

26 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Анастасия» спорттық-би клубының оныншы мерейтойлық концерті өтіп, экранда бейне көрсетіліп, ал сахнада мерекелік қойылымдар болды. Жоғарғы топтың майталман  бишілері «Тучи в голубом»,  керемет  «Камберра» биі, нәзік «Қазақ вальсін» және жаңадан қойылған «Только вперед» атты спорттық биін әдемі орындап шықты. Орта топтың бишілері «Самба» және «Носса» би композицияларын ұсынды, ал жуырда ғана би өнерін үйреніп келе жатқан, кіші топтың оқушылары «Латино» және «Мама-Мария» атты жарқыраған биді керемет орындады. Сонымен қатар «Джайв» және «Стиляги» жылдам әрі тез билері көрсетілді, әр билер бір-бірінен өзгеше болды.

Балалардың орындап жатқан  би  ырғағы арқылы, залда отырған көрермен би әлеміне беріліп, ойша әртістермен бірге би қимылдарын орындап отырды. «Анастасия» би клубы Оқушылар сарайының барлық көркемөнер ұжымдарымен өте тату, сондықтан оларды мерекемен құттықтаймын деп келген өнер ұжымдарының өте көп болды.  Өз музыкалық сыйлықтарын «Маша и медведь», «Поварята», сонымен қатар ұйғыр,шығыстың қызықты билерімен «Нежность» хореография ансамблі құттықтады. «Жас Дәурен» вокал студиясының тәрбиеленушілері де әндерін шырқап жатты. Италия, Испания, Словакия, Алматы қалаларында өткен «Свет звезды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері Тимур және Карина Ибрагимовтар Джо Дассеннің  француз тілінде «Если б не было тебя» және «Любовь не шутка» әндерін тамаша орындады. Сүлейменовтар әпкелері «Вальс Анастасии» және тағы да басқа әндерін салды. Екі сағаттан астам уақыт ішінде, осы ұжымның тәрбиеленушілері бізді өз шығармашылықтарымен қуантты.

Есеп беру концертін «Анастасия» спорттық-би клубының жетекшілері Виолетта Александровна  Никитина мен  Анастасия Загорулько «Синий иней» атты керемет биімен аяқтады. Бұл кеште оларға алғыс айтқан ата-аналар саны өте көп болды. Бимен шұғылдану бұл тек қана бос уақытты тиімді өткізу ғана емес сонымен қатар,бұл талмас еңбек, балалардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімін дұрыс қалыптастыратын, күш пен жігерді тәрбиелейтін шығармашылықтың түрі.   Осымен онжылдық шығармашылық жол да артта қалды, ал ұжымның алдыңда әлі талай жетістіктер бар. 15 – деген мерейтойлық санға жолдарын болғай!

Добавить комментарий