Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12983008
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
3483
7230
3483
12771777
35806
265655
12983008

Ваш IP: 3.12.161.77
Время: 2024-05-06 16:31:32

Сыйлыққа концерт

Концерт в подарок Концерт в подарок

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнің би және әнмен тойлады.  

26 қараша күні Сарайдың үлкен залында Павлодар қаласының мектептерінің оқушылары қатысқан «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік концерт өтті. Бұл концерттің тұсауын «Жасекпін» домбра оркестрі «Көңіл ашар» күйімен ашты. Жүргізушілер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жолданған құттықтаулар мен алғыс сөздерді оқып, Елбасының отбасы және өмір жолы туралы, Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның жетістіктері жайлы айтты. Көрермендер Нұрсұлан Назарбаевтың кітаптарын естеріңе түсіріп, жүргізушілер дайындаған викториналар сұрақтарына жауап берді.

«Жас дәурен» вокал студиясының  «Жаңа әуен» тобының орындауында «Елбасы» әні шырқалды. «Жаңа ұрпақ», «Сәлем Қазақстан» әндерін «Музыкальный квартал» вокалдық ән эстрадалық тобы және  «Асықпа»  тобының әншісі Алина Кульбаева орындады. Осы мерекедегі «Қазақ елі», «Толғау», «Алатау», «Тек алға» деп аталатын  әрбір ән  Қазақстан тақырыбына арналды.

Концерт в подарок Концерт в подарок

Көрермендерге «Нәзік ару», «Көңіл күй», «Қазақ валсі» - атты би композицияларын «Вдохновение» би ансамбілі, «Анастасия» би-спорттық клубы сыйлады. Концертке келген қонақтар ән мен би қойылымдарын тамашалады. Мерекелік концерттін  соныңда жүргізушілер былай деді:
- Біздің Елбасы, болашақ ұрпаққа үлгі бола алатын, өз халқының қаһарманы! Отанымызды бақытты, күшті ету үшін,  әрбір Қазақстандық  елі, жері үшін, жанын салып еңбек ету керек!

 

Добавить комментарий