Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12993340
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
8541
5274
13815
12771777
46138
265655
12993340

Ваш IP: 18.119.111.9
Время: 2024-05-07 15:57:35

Ақын Даниял Асеновпен кездесу

Встреча с акыном Даниялом Асеновым Встреча с акыном Даниялом Асеновым
Встреча с акыном Даниялом Асеновым Встреча с акыном Даниялом Асеновым

Қазақстан Республикасының атақты ақыны, жыршысы Даниял Асенов М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының қонағы болып қайтты. Аталмыш кездесу 2016 жылдың 5 мамыр күні «Табысқа апарар жол» атты жобасының шеңберінде өтті.

Қазақ халқының ақынымен павлодарлық №№ 12, 22, 25 және Ямышев мектебінің 44 оқушысы мен 4 педагогы маңызды кездесуге қатысты.  Даниял Сабырұлы оқушыларға «Қыз жібек» поэмасын жатқа оқып, осы шығарма туралы өз ойын білдірді. Балалар ақынның шығармашылығы мен өміріне байланысты сауалдар қойып, ал ақын болса оларға бар көңілімен жауап берді.

Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол»  жобасы 2009 жылдан бастап іске асырылып келеді. Осы жобаның арқасында Павлодар облысының атақты тұлғаларымекн кездесулер өткізіліп тұрады. Олар:  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әр түрлі ұйымдардың басшылары, ақындар мен журналисттер тағы да бар.

Добавить комментарий