Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20512876
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8221 12893 85579 20170934 280554 381361 20512876 Ваш IP: 216.73.216.209
Время: 2025-12-21 16:00:40
|
Жаз неден басталады
1 маусым күні павлодарлық жасөспірімдер М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында саяжолда серуендеп, жазғы бет әрлеумен айналысып, флеш-моб билеп, ептілік жарыстарға қатысты. Бұл жерде Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекелік концерт және сауықтыру бағдарламасы болды.
Жарқын шоу ерлік жасаған балаларды салтанатты марапаттаумен басталады. Бұл әдемі мереке Оқушылар сарайының үлкен залында батырлардың шеруімен ашылды. Кішкентай жарқын әртістер, «Бүлдіршін» облыстық фестивалінің жеңімпаздары ән айтып, би билеп мерекені жалғастырыды. Мереке қонақтарын би флеш-мобы, әдеби және спорттық жарыстар, скауттық және ұлттық ойындар, сурет сайыстары күтті. Ал Оқушылар сарайының экологиялық зертханасында балалар жануарларды қолға ұстап, тамақ беріп, тамаша көңіл-күйге бөленді. Балалар бір сәтке болсын өздерін тілшілер, суретшілер мен сәнгерлер болуға мүмкіндіктері болды. Осындай фестиваль арқылы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жазғы демалу маусымы ашық деп жарияланады. «Шуақты жаз – Радужное лето» атты жазғы экспрестің жұмысы 2 маусымнан 8 шілдеге дейін жүргізіледі.
|














