Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17687950
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14043 15684 99600 17356200 139429 468472 17687950 Ваш IP: 3.144.72.54
Время: 2025-05-11 23:36:17
|
Отанның адал ұлдары
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының кіші залында 6 мамыр күні «Отанның адал ұлдары» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы Жеңіс күніңе арналды. Кездесуде «Рауан» әдеби студиясының тәрбиеленушілері және олардың ата-аналардың басын қосты. Әдеби кеште сондай-ақ, Павлодар қаласы, Осипенко көшесі бойында орналасқан балалар үйінің жеті оқушысы болды. Кештің құрметті қонағы болып, «Рауан» әдеби студиясының досы Чернобль батыры Анатолий Евгеньевич Стасьо еді. Оқушылар Кеңес Одағы батырлары Әлия Молдағұлова және Маншүк Маметова жайлы баяндап, Ұлы Отан Соғысының қазақстандық-әскерлері жайлы пікір білдірді.
«Рауан» әдеби студиясының жетекшісі Марина Юрченко «Песню фронтового доктора» атты әнің гитараға салып, шырқап берді. Қонақтар бир минуттік үнсіздікпен қаза тапқандарға тағзым етті. Әдеби кеш «Тропа к генералу» атты танымдық бағдарламамен жалғасын тапты. Олар, анаграммалар, жұмбақтар, әскери тақырыпқа арналған викториналарға қатысты. Қортындысында, барлығы «Катюша» әнің орындады. Әдеби кешке 28 оқушы, үш ерекше балалар, алты педагог пен төрт ата-ана қатысты. |