Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21127109
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 15114 13683 41549 20839683 52636 408197 21127109 Ваш IP: 216.73.216.97
Время: 2026-02-04 23:04:21
|
Оқушылар Аяз атаның шеберханасында болды
2017 жылдың 5 қаңтар күні қала мектептерінің оқушылары Облыстық Оқушылар сарайында дәстүрлі ашық есік күніңде болып қайтты. Эстетикалық тәрбие беру бөлімі Аяз ата, Ақшақар және Аққаланың шеберханасын ұйымдастырды. Педагогтар №13 пен 23 ЖОМ-нің оқушыларына құттықтау хаттар мен кәде сыйлықтар жасауды үйретті. Қонақтардың бас назарында аквагрим мен макияж болды. №2, 4, 19 және 21 ЖОМ-нің оқушылары «Әдеби квест» ойынына қатысты. Бұл жерде әдістемелік бөлімінің педагогтары оқушыларды «На старт!», «Незнайкины сказки», «Волшебный сундучок», «Сокровища народной мудрости» және «Секретные информации» атты бекеттерден өткізді. Ал №14, 25 және 41 мектептің оқушылары «Өз планетанды аш» атты атты бекетке жол тартты.
Балалар ғылым және техника бөлімінің педагогтарымен планетарияда, обсерватория мен кіші хайуанаттар бағында тамаша уақыттарын өткізді. Көркемөнер тәрбиесі бөлімінің жас әртістері ерекше концертті паш етті. Оқушылар сарайының ән және би ұжымдарын 200-ге жуық 15 қала мектептерінің оқушылары қошемет құрметпен қарсы алды. Балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімі «Жас заңгер – 2017» атты жас омбудсмендер күнің өткізді. «Я - гражданин планеты» атты жобасы аясында «Школа безопасности» атты тақырыпқа отырыс өткізілді. Облыс және қала мектептерінің 40 көшбасшылары белсенді қатысты. |














