Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения12968518
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2293 6008 40499 12665085 21316 265655 12968518 Ваш IP: 18.118.30.253
Время: 2024-05-04 09:47:56
|
Келіңіздер, таныс болайық!
Оқушылар сарайында балалардың сыңғырлаған күлкісі мен ғажайып күндер басталды. Бұл дегеніміз – білім ордасының шығармашылық маусымы ашылды. 10 қыркүйек күні жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиналыс өтті. Ал сабақтар 15 қыркүйектен басталады. Бұл күнгі концерттік бағдарламада «Блэйз», «Дебют», «Свет звезды» атты танымал ұжымдар өнер көрсетті. Концерттік бағдарламадан соң студия жетекшілері өз ұжымдары туралы ақпар беріп, сабақ кестесін ұсынды. Биылғы оқу жылында үлгілі вокал, би студиялары өз есіктерін айқара ашты. Бірнеше жылдар ішінде көшбасшыларды тәрбиелейтін театралдық, әдеби, қоғамдық үйірмелерді оқушылар асыға күтеді. Эстетикалық тәрбие алатын бейнелу өнері студияларының тәрбиеленушілері алдыңда көптеген мүмкіндіктер ашылады. Өйткені биылғы жылы Оқушылар сарайы көптеген көрмелер, фестивальдер мен арт-жобаларды ұйымдастырып отыр. Жобалардың ішінде «Подиум» шаштаразшылар мен тігін өнерінің сайысын атап айтуға болады. Журналистика студиялары, робототехника үйірмесі және «Антарес» астроклубын бұл оқу жылында жаңа белестер мен жеңістер күтіп тұр. 2017-2018 оқу жылының жаңашылдығы Оқушылар Сарайында тіл орталығы ашылды. Павлодарлық Оқушылар сарайын шығармашылық мекені деп тегін айтпасқа керек. Сарайдың жұмыс ауқымдылығы мен нәтижесі орасан зор. Өткен 2016-2017 оқу жылында Оқушылар сарайына 4300-ден астам тәрбиеленушілер келіп, 80 үйірме жұмыс істеді. Педагогтар 29 авторлық бағдарламалары бойынша жұмыс жасады. Сарайдың тәрбиеленушілері 53 облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып 186 жүлделі орындарға ие болды. |