Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22611102
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1187 8579 46584 22358942 95918 338951 22611102 Ваш IP: 216.73.216.205
Время: 2026-06-14 01:42:03
|
Еріктілер жарысқа шықты
15 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде «Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдер қалалық штабының кеңейтілген отырысы өткізілді. Мектеп көшбасшыларынан құралған үш фракция жұмыс жасады. Әрбір фракциялар өздерінің жобасын ұсынды. Үш жоба ұсынысқа түсті. Қоғамдық тыңдауларда Ұланбасылар мен еріктілер отрядының командирлері «Әлем менсіз болмайды» жобасын ұсынды. Жас патриоттар «Соғыс сіздің отбасыңызға қалай әсер етті» атты кең ауқымды аймақтық акция өткізу идеясын ашты. Мектеп омбудсмендері мен «Адал Ұрпақ» командирлері «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты облыстық акцияның концепциясын ұсынды. Аталмыш отырыста көшбасшылар «Жас еріктілер» және ұланбасылар қауымдастығын құру бойынша өз ойларын білдірді. Балалар барлық үш жобаны дайындау мен іске қосу мерзімін анықтады. |














