Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12928802
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
783
24918
783
12665085
247255
375712
12928802

Ваш IP: 18.188.10.246
Время: 2024-04-29 01:46:35

Бейжай қалмаған жасұрпақ

Неравнодушное поколение Неравнодушное поколение
Неравнодушное поколение Неравнодушное поколение

Заманауи қазақстанның жастары және «Адал ұрпақ» мектеп клубтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін шешу үшін алғашқы жиналыс өткізді. 18 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Білім беру саласында жемқорлық бар ма?» деген тақырыпта шешендік өнер және үгітбригадалардың  ең үздік сахыналық қойылымдары болып өтті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетін Павлодар облысының білім беру басқармасы өткізген болатын. Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Облыстық слетте Павлодар қаласы мен аудандарынан 20 команда қатысты.

Балалар сыбайлас жемқорлық туралы сахыналық әрі музыкалық қойылымдарды паш етті. Ертіс ауданынан келген команда Оқушылар сарайының үлкен сахынасында заманауи ән-күй қойылымдарын ұсынды. №17 ЖОМ-нің еріктілері «Шалқан» атты шағын қойылымды барша жұртшылыққа тарту етті. Сахыналық қойылымнан басқа әрбір командалар «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы тәрбие» бойынша буклеттер мен жадынамалар әзірленді. Слет шеңберінде STOP коррупции!» атты ең үздік бейнеролик байқауы өтті. Барлық номинациялар бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

Слет қортындысы бойынша үгітбригада сайысында Май ауданы Малайсары мектебінің еріктілері 1-ші орынды, Екібастұз қаласының оқушылары 2-ші орынды, Ақтоғай ауданының командасы 3-ші орынға жайғасты.

Ең үздік бейнероликті дайындаған Павлодар ауданы Чернорецк №1 ЖОМ-нің оқушылары болды. Екінші орында Успен ауданының еріктілері болды. Аталмыш номинация бойынша үшінші орын Павлодар қаласы №36 мектептің командасына бұйырды.

«Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы тәрбие» бойынша буклеттер мен жадынамалар конкурсында бірінші болған павлодарлық №17 мектеп болды. Екінші орында Павлодар қаласының №25 мектебі, Үшінші орында Май ауданы Малайсары мектебі жеңіске жетті.

Шешендік өнер сайысында бірінші болған Шарбақты ауданы «Радуга» мектептен тыс орталығының тәрбиеленушісі Карина Доценко болды. Екінші орын Чернорецк №1 ЖОМ-нің оқушысы Жанат Әбікеев ұтып алды. Үшінші орын №17 мектептің командасы атынан Ярослав Мироновқа бұйырды.

Командалар сайысында бірінші орын Малайсары мектебі, екінші орын Чернорецк №1 мектебі, үшінші орын Шарбақты ауданы қол жеткізді.

Жеңімпаз командалар дипломдарға ие болды.

Конкурсқа 212 адам қатысты. Іс-шараны 173 көрермен тамашалады.

 

Добавить комментарий