Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения23776582
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3740 13802 3740 23518970 88125 579883 23776582 Ваш IP: 216.73.217.37
Время: 2026-09-07 07:04:30
|
Дос болайық бәріміз!
Оқушылар сарайында 2017 жылдың 28 қараша күні Павлодар қаласының мектеп оқушылары үшін «Дос болайық бәріміз» атты балалар қоғамдық қабылдауы өткізілді. Аталмыш іс-шарада Павлодар қаласының №№11,13,18 ЖОББМ-нің 5-7 сыныптар үшін достық туралы практикалық тренинг, рефлекция өткізілді. Оқушылар қоғамдық қабылдауда мектеп қабырғасындағы достық жайлы, мейірімділік, кішіпейілдік туралы шешендік сөздерді талқылып, мақал-мәтелдер оқыды. Балалар нағыз достық туралы ережелер шығарып, қарым-қатынас жасаудың кодексін ойлап тапты. Адам баласының бойындағы достыққа кері әсер тигізетін жаман қасиеттерден аулақ болуды еске салды. «Дос болайық бәріміз» атты балалар қоғамдық қабылдауында 43 оқушы, 3 педагог қатысты. |














