Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22630109
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 7228 12966 7228 22408276 114925 338951 22630109 Ваш IP: 216.73.216.76
Время: 2026-06-15 16:43:04
|
Авторлық бағдарламалар сайысының қортындысы белгілі болды
2018 жылдың 3 наурыз күні Облыстық Оқушылар сарайында әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім берудің үздік авторлық бағдарламасы» атты облыстық жобасының сайысы өтті. Аталмыш жобаның мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру, шығармашылық педагогикалық кадрларды анықтауға жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру мазмұнын жаңарту үшін үздік педагогикалық идеяларды іздеу. Бұл сайыстың екі кезеңінен сүрінбей өткен Павлодар қаласының №9, 19 ЖОМ, «№126 сәбилер-бақшасы, «Жігер» балалар–жасөспірімдер клубы МҚКК, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Қашыр ауданы Оқушылар үйі, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтары болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Павлодар қ. №19 ЖОББ мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Алмас Серикбаев «5-сыныптарда “Flash - 8” арнайы курсының оқытудың әдістемесі» атты жұмысымен 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал 2 дәрежелі дипломды М.Катаев Оқушылар сарайы «Амплуа» әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі Жаксыбек Ешимкулов өз авторлық жобасымен иеленді. Павлодар қаласы «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогы Олеся Зяблицева 3 дәрежелі дипломға қол жеткізді. |














