Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24061345
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8270 20419 8270 23729737 372888 579883 24061345 Ваш IP: 216.73.216.153
Время: 2026-09-21 10:03:27
|
Шәкен шығармашылығына шолу
Ағымдағы жылдың 27 наурызында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде Павлодар облысының тумасы, қазақ театр және кино өнерінің биік шыңына айналған Шәкен Аймановтың шығармашылығымен танысу өткізілді. Аталмыш шараға Оқушылар сарайының «Амплуа» әдеби-шығармашылық студиясы, «Арман-шоу» театр студиясы, «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері мен Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары қатысты. Қазақ кино өнерінің тарланы Шәкен Аймановтың еңбек жолы және шығармашылығына шолу ұйымдастырған Оқушылар сарайының әдіскері Жақсыбек Ешімқұлов еді. Бұл кездесуде оқушылар Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашлығы бойынша көптеген ақпар алып, Шәкен атаның актер және режиссерлік саласында көпке танылған фильмдерінен үзінділер тамашалады. - «Рухани жаңғыру» өткенімізден болашағымызға қуат алу. Ал қазақ киносы - қазақ тарихы. Сол мол мәдени мұраны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, біздің басты міндетіміз – деді, кездесудің ұйымдастырушсы Жақсыбек Ешімқұлов. |














